26
ноябрь
2019
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қашықтық олимпиада қорытындысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізбесіне енген «IQ college» жобасының аясында (МОН РК 2018 жылғы 9 тамыздағы № 394 бұйрығы) «Urker mitec» зияткерлік орталығы колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық қашықтық олимпиадасын ұйымдастырған болатын. Олимпиадаға мектебімізден 9 мұғалім қатысып, 4 мұғалім ІІІ орын алып, жүлдегер атанды. Олар Омирова Бибигуль Азатказыевна, Касенова Нургуль Берикказыевна, Жумакулова Маржан Бейсеновна, Смайлова Асем Никитовна. Ұстаздарымызға шығармашылық ізденіс пен толағай табыс тілейміз!