Информация » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
22
февраль
2018

Информация

Мұғалім беделін арттыру
Білім және Ғылым вице министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім беделін арттыру мақсатында мұғалімге «кәсіби мұғалім» деген санат берілетінін айтты. Мұғалім еңбекақысына 50пайыз үстеме ақы қосылмақ.Мектеп және ата-ана арасында келісім-шарт жасалып, қос тараптың құқығы жазылады. Құқықты бұзған тарап жауапкершілікке тартылады.
https://youtu.be/PwTqdxFHVG8
ЕНТ-2018
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұловтың айтуы бойынша ЕНТ сұрақтары 50 пайызға өзгертілген.ЕНТ-да 3 негізгі, 2 таңдау пәні өзгеріссіз қалды. Себепті жағдайлармен ЕНТ-ға қатыса алмай қалған білім алушылар келесі күні тест тапсыруға мүмкіндік алады.
https://www.youtube.com/watch?v=pTa0JKYZE-0&feature=youtu.be
ОҚУЛЫҚ САПАСЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҒАЛАУ
МОН РК «Оқулық» РҒП орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6, 8 сыныпқа арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлады.
Бұл портал оқулықтар сапасы бойынша ата-аналар мен педагогтар қоғамының пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған. Оқулық туралы пікірлеріңізді (ескертулер) және олардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға бағытталған ұсыныстарыңызды қалдыра алатыны туралы айтылды.
https://www.okulyk-edu.kz/show/list/ocenka-book

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Жуырда еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» 2018 жылғы 17 қаңтардағы санында «Қазақстан географиясы» пәні оқытылмай ма?» атты мақала жарияланған болатын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі сіздер көтеріп отырған мәселені Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ сарапшыларымен бірлесіп зерделеді. Еліміздің географиясын оқу, әрине, білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысында, болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда басым бағыттардың бірі. Қазіргі уақытта «100 нақты қадам: баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 76-қадамына және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – мемлекеттік бағдарлама) сәйкес отандық және халықаралық үздік тәжірибені біріктіруді көздеген .Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «География» пәнін оқыту мақсаттары арқылы көрсетіліп оқытылатын тақырыптар мән мәтінінде жергілікті өлкетану және елтану компоненттерін оқыту қарастырылған. Сонымен қатар білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында қазақстандық мазмұнды оқыту көлемі геоэкология, геоинформатика, геосаясат, геоэкономика саласындағы, сол секілді, ұлттық мүдделер аясында Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігінің бағыттарына қатысты білім алушылардың құзыреттілігін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Ендеше, «Қазақстан географиясы» курсы «География» пәнінің шеңберінде жеткілікті деңгейде оқытылатыны анық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді түрде сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа факторлар туралы білімді қалыптастыру, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімді, қоршаған табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақтілді емес мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» пәндерін толықтыратын 5, 7-сыныптарда «Өлкетану» кіріктірілген оқу курсы енгізілетіні туралы мәліметтер айтылып, Білім және ғылым минстрлігі бекіткен бағдарлама негізінде әр облыс, Астана, Алматы қалаларында құрылған жұмыс топтары оқулықтарды әзірлеуде.
Толығырақ: https://egemen.kz/article/165279-ministrlik-egemende-zhariyalanghan-maqalagha-zhauap-berdi

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ BILIMBOOK ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2017 жылы 4 қазанда жарияланған блогта https://bilimland.kz/kk/blog/492 айтып өткеніміздей, Bilim Media Group компаниясы өткен жылы күз айларында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында шағын жинақты мектептерде Bilimbook дербес оқыту планшет-компьютерлері және проектор, интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттер ашты.
Bilimbook-ты математика, физика, тарих, биология, химия пәндерінде және сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларға дайындықтарда берілген құрылғыны белсенді қолдануға болады. Оқушылар болса шағын жинақты мектептерде оқытуды дербестендіруге сәйкес сыныпта және сыныптан тыс уақытта өз беттерінше білім ала алды.
BilimBook құрылғысы орнатылса және оқытуда белсенді пайдалану оң нәтиже көрсететіндігі туралы айтылды.
https://bilimland.kz/kk/blog/521


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі мұғалімдердің 5 құжат толтыратындығын айтты.
Білім министрінің 2018 жылғы 13 қаңтар айында бекітілген №615 бұйрығын Informburo.kz. толық мәлімет алуларыңызға болады.
Қағазбастылықтың азаюынабайланысты электронды жүйеге толық кірген мектептер қағаз журнал,қатаң бланкілер жыл соңында ғана қағазға басылып, мектепте сақталуына рұқсат берілген.
Мұғалім мынандай 5 құжатты толтыруға міндетті:
1) Календарьлік-тақырыптық жоспар
2) Күнделікті сабақжоспары
3) Электрондық журнал
4) Оқушы күнделігі
5) Жиынтық бағалау

http://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=29900
Сот үкімі білім алушыларға мектепке орамал тағуға тыйым салды
Сот үкімі бойынша 2018 жылдың 7 ақпан күнгі №5 бұйрығы негізінде білім алушыларға мектепке орамал тағуға тыйым салды.
Әр мектептің білім алушылары мектептің ішкі тәртібін сақтап,қамқоршылық кеңесінің шешіміне сай мектеп формасын сақтауға міндетті. Толығырақ: http://www.rikatv.kz/evrika/articles/sud-zapretil-detyam-khodit-v-shkolu-v-platkakh.html

ЕНТ-ға арналған онлайн-оқыту жүйесі іске қосылды
«Бұл бағдарлама оқушылардың онлайн-тест арқылы өз білімін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жүйеге кіргенде оқушы міндетті түрде аты-жөнін, электронды поштасын, код сөзді және мектептің номерін көрсетуі тиіс. Тест тапсырған бала сол сәтте жауабын көре алады. Сонымен қатар, оқушының жеке кабинетінде қашан және қанша рет тест тапсырғаны, жауаптарымен сақталып тұрады», — дейді ОҚО білім басқармасының бастығы Исатай Сағындықов.
Сонымен қатар, ол бағдарламада қате жауаптар туралы ақпарат алып, қателікпен жұмыс жасауға болады. Бір қуантарлығы, оқушылар кез-келген мобильді құрылғымен тестті тегін тапсыра алады. Республикада алғаш енгізілген жүйе тегін жұмыс істейді.
Бұл бағдарлама арқылы облыстық білім басқармалары қай мектептен қанша бала тест тапсырғандығын, нақты пәндер бойынша орташа көрсеткішті және аудан, қала мектептерінің деңгейін анықтай алатын болады.
http://studentmedia.kz/bt-a-arnal-an-onlajn-o-ytu-zh-jesi-iske-osyldy/

Білім алушылардың мұражайда білім алуы
Білім және ғылым министрі мектептерде тақырыптық сабақтарға мұражайда білім алуына көңіл бөлуді ұсынды. Мұражайда білім алу білім алушылардың дүниетануы мен қызығушылығын арттырады.
https://bilimdinews.kz/2018/02/15/mon_suggested_creativelessons/

Похожие публикации:

14 апрель 2017 "Жас Ұлан " ұйымы
14 апрель 2017 Мектеп тарихы