Мектеп тарихы » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
апрель
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы
Благодарное орта мектебінің тарихы ХХ ғасырдың басынын басталады деп айтуға болады. Нақты
дерек көздеріне қарағанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1918 жылы «Школыде қамтылға барлық ересек және жасөспірімдердің арасындағы сауатсыздықты жою» туралы Декрет қабылданғаннан кейін әр уезде, әр болыста, әр ауылдарда сауат ашатын пункттер жұмыс жасай бастады.
Міне, осындай құжаттан кейін 1925 жылы Жетісу облыстық Лепсі уезі халыққа білім беру бөліміндегі шығарылған бұйрықтар негізінде Благодарное ауылында екі кластық білім беру жүйесі енгізілді. Благодарное ауылындағы екі кластық білім беру мекемесінің алғашқы мектеп меңгерушісі болып №51 бұйрық негізінде
10. ХІ. 1925 жылы Мельчакова Агния тағайындалды. Алғаш ашылған мектеп екі бөлмелі тұрғын үйге орналасты. Мектепте бір мұғалім мен бір күзетші ғана жұмыс істеді. Тұрғындардың көмегімен жөндеу жұмыстары жүргізілді.
1935 жыл 1 қаңтардағы Алматы облысы Үржар ауданының құжаттарына қарағанда Благодарное орталау мектебі құрылып , директоры міндетін В.Меслехо атқарды. Мектепте сынып саны-4, оқушы саны – 153 болған.
1936 жылы (Үржар ауданынан бөлінгеннен кейін) Мақаншы ауданы Благодарное орталау мектебінің директоры міндетін М.Яхиев атқарды. Осы жылдарда мектептерде кадр тапшылықтары сезілді.
1940 жылдары мектепте А.Е. Катенова тарих пәнінің мұғалімі, Н.И, Крыжановский, орыс тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі, Данильченко физика, математика пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарған. Соғыс жылдарында / 1941-1945ж.ж / мұғалімдердің аздығы (соғысқа кетуі) балалар тұрмысының төмендігі, оқу құралдарының жоқтығы ағарту саласында өз қиындығын туғызды.
1947 жылы білім берудің жеті жылдық жүйесі енгізілді. Мектебіміздегі ұстаздар еңбек жолында көптеген жетістіктерге жете білді. Атап айтқанда: 1949 жылы Канатникова Лидия Андреевна «Ленин » орденін, Свидерская Зинаида Андреевна «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін » орденімен, Боровикова Александра Емельяновна «Құрмет белгісі» орденін, Петраш Екатерина Калиновна «Еңбек Қызыл Ту » орденімен және «Қазақ ССР оқу ісінің үздігі» омырау белгісімен марапатталды.
Соғыстан кейін, яғни 1947 жылы үздік оқытушылардың облыстық мәжілісі, 1960 жылы мұғалімдердің облыстық сьезді өтті. Сьезд президумында Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мұғалім Благодарное орта мектебінің үздік оқытушысы, директор Е. К. Петраш т.б өкілдер отырды.
1954-1955 ж.ж Благодарное орта мектебінде көптеген ұстаздар қызмет атқарып, жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатты. Олар: Петраш Екатерина Калиновна (директор, химия), Малахова Диана Ивановна ( меңгеруші), Ногаев Кәттебай (қазақ тілі), Бичева Мария Павловна (математика), Евдокия Марковна Соловьева т.б.
1960 жылдары 8 сыныптық білім беру жүйесі енгізіліп, ауылда жаңа ғимарат бой көтерді.
Оқу тәрбие жұмыстары мен педагог коллекиивтің қарымдылыға мектеп директорының жеке тұлғасына байланысты екені даусыз. Ендеше 1965-1966 жылдары үздіктер қатырынан Благодарное орта мектебінің директоры Н.В. Чернушкенді де көруге болады
1970-2010 жылдары аралығында мектеп директорлығы қызметін Омиров Құдыш Жұмабайұлы, Шөнкенова Рысхат Семежанқызы, Бодырақов Мұқаш Досайұлы, Абдрахманова Амина Қапсалямқызы атқарып Благодарное орта мектебінде білім беру ісін алға жетеледі. Сол жылдардағы үлгілі ұстаздардың есімдері де мектеп тарихында алтын әріптермен сақталатыны сөзсіз. Олар: Т.А. Бекназарова, Ф.Н.Рахимова, Қ.Қ. Мункенова, Б.С.Сәметбаева, Л.И. Огулева, Л.И.Белякова, Т.В. Руденко, Б.К, Бойборановна, О.К.Қуанышбаева (Ардагерлер медальінің иегері) Г.С.Лукпанова т.б ұстаздарды айтуға болады. Мектеп 2006 жылы ЕНТ- ған жоғары балл жинап аудан мектептері арасында 1 орынды иеленді.
Мектеп түлектері Берік Назым, Кенжебекова Шырын, Ерғалиева Шұғыла, Мағауина Айдана, Отаршынова Айдана, Адыханов Ғабит мектептің абройын асқақтатып «Алтын белгі » иегерлері атанды.
2010 жылы Келдімұрат ауылында 320 орындық заман талабына сай мектеп ғимараты бой көтерді. Мектеп директоры қызметіне Жумакулов Жайық Елеуханұлы тағайындалды.
Мектебімізге 2016 жылы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі”КММ атауы берілді.