30
январь
2018
«Жарқын жастық-баянды болашақ»
2018 жылдың 18 қаңтар күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде «Жарқын жастық-баянды болашақ» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіне осы мектептен түлеп ұшып, қазіргі уақытта Қазақстанның әр қаласының жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттер қауымы қатысты.Кеш мектеп бітіруші түлектерді жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру мақсатында ұйымдастырылды..
Аталған шара барысында мектеп бітіруші түлектерге кәсіби - шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту және болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт - бағдар берілді.
Қорытыа айтқанда мектеп бітіруші түлектердің студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауға, белгілі мамандық саласына таңдау жасауларына бағыт-бағдар берілді.
Кеш соңы концерттік бағдарлама мен би кешіне ұласты..