Жаратылыстану онкүндігі » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2020

Жаратылыстану онкүндігі

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ
Жаратылыстану пәндері бірлестігінің онкүндігі туралы хабарлама


















Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай 2019-2020 оқу жылының 3-13 ақпан күндері аралығында жаратылыстану пәндері бірлестігінің «Туған жердің ұлылығын ұқтырған жеті қыр» атты онкүндігі өткізілді.
Мақсаты: туған жердің жеті түрлі қырын оқушы бойына сіңіре отырып, елжандылыққа баулу, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылқтарын арттыру.
3-інші ақпанда онкүндіктің ашылу салтанатты жиыны өтті. Шара барысында оқушылар Елбасының жеті қыр туралы мақаласын негізге ала отырып, әр пәннің ерекшеліктерін айтып, туған жермен байланыстыра таныстырды.
4-інші ақпан күні тарих пәніне арналған «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделі» тақырыбында таныстырылым болды. 5-11 сынып оқушылары өздеріне бекітілген ұлт өкілдерінің тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін жергілікті жердегі халықпен байланыстыра отырып, презентация қорғады.
5-інші ақпанда, тарих пәнінің екінші күнінде «Ұмытылмас жәдігер» тақырыбында туған өлке халықтарының салт-дәстүрлерін бейнелейтін өз қолдарымен жасалған кәдесый жасаудан шығармашылық қолөнер сайысы өтті.
6-ыншы ақпан география пәніне арналды. Бұл күні 5-6 сыныптар шөл дала мен орманды даланың модельдерін жасады, 7-11 сыныптар таңдалған жердің, бағытын картографиялық бейнесін шартты белгісімен плакатқа салып, қорғады.
7-інші ақпанда «Ұлы дала металлургиясы» тақырыбында таныстырылым өтті. Шара барысында оқушылар химиялық элементтерді жұмбақ ретінде жасырып, ежелгі замандағы металл өңдеу технологиясын түсіндірді.
8-інші ақпанда «Алма мен қызғалдақ – адамзатқа табиғаттың тартуы» атты таныстырылым болды. Шара барысында оқушылар презентация көмегімен алма мен қызғалдақ жайлы қызықты да танымды, тарихи ақпараттармен таныстырып өтті.
10-ыншы ақпан күні өзін – өзі тану пәнінен «Өзін – өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында ертеңгілік өтті.
11- інші ақпанда «Сүйіспеншілікпен өмін сүру» тақырыбында психологиялық тренинг пен «Қайырымдылық жер бетінде» деген атаумен флешмоб ұйымдастырылды.
12-інші ақпанда аукцион өтті. Шара барысында Сара Назарбаева туралы сұрақтар қойылып, ең көп сауалға жауап берген сынып Сара Алпысқызының портретін ұтып алды.
13- інші ақпан күні жараталыстану пәндері бірлестігінің «Туған жердің ұлылығын ұқтырған жеті қыр» атты онкүндігінің жабылу салтанаты «Супер сынып.кз» музыкалық жобасы желісімен өткізілді. Шараға 5-11 сыныптар жетекшілерімен белсене қатысты. Жоба кезінде сыныптар тақырып бойынша таңдалған әннің мазмұнынын ашатын сахналық қойылым көрсетіп, ән айтып, би билеп сайысты.
Кеш соңында он күн бойы жоғары белсенділік танытқан сыныптар мен жекелеген оқушылар марапатталды.