15
октябрь
2026
Буллингтен қорған
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ - де "Буллингтен қорған" атты қауіпсіздік сабағы өтті.
Мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру және өзара сыйластық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында «Буллингтен қорған» атты қауіпсіздік тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға буллинг ұғымы, оның түрлері мен негізгі белгілері түсіндірілді. Буллингтің физикалық, психологиялық және кибербуллинг түрлері туралы ақпарат беріліп, олардың адамға тигізетін кері әсері талқыланды.
Сонымен қатар оқушыларға буллинг жағдайына тап болған кезде қандай әрекет жасау керектігі, кімнен көмек сұрауға болатыны және осындай жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Әрбір адамның құқығын құрметтеу, бір-біріне қолдау көрсету, кемсітушілікке жол бермеу және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сынып жетекшісі Г.Н. Тоқтарбекова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Жаркынбаев