Туған жерге туыңды тік! » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2018

Туған жерге туыңды тік!

2017 жылдың 18 қараша күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы негізінде " Туған жерге туыңды тік" атты форум өтті.

Форумның мақсаты ауылдан шыққан әрбір азаматты туған ауыл және білім нәрімен сусындаған мектебінің игілігі үшін қызмет етуге шақырып алтын ұя мектебіміздің гүлденуіне үлес қосу.

Форумға әр жылғы өз еңбегімен өнерімен, білімімен, көпке үлгі болған мектеп түлектері, ауылымыздың іскер, бірнеше ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып отырған жеке шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер сонымен қатар мекеме басшылары шақырылды. Форумға келген қонақтар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саясатын қолдап, кіндік қаны тамған, өскен ауылына көмек қолдарын аянбайтынын жеткізді. Атап айтқанда Мейірханов Манат 150 мың теңге, Азизов Бауыржан 100 мың теңге, Букашин Еркебұлан 100 мың теңге, Жарқынбаев Ержан 50 мың теңге, "Балабақша" ұжымы 52 мың теңге қаражаттарын "Парыз" қорына аударды.

Форумда туған ауылымыздың төл нышандары елтаңбаның, тудың, әнұранның тұсауы кесілді. Ауыл әкімі Қ.С.Қасенов, мектеп директоры Ж.Е.Жумакулов және шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйледі.

Ауылымызда өткен " Туған жерге туыңды тік" форумы концерттік бағдарламаға ұласып, спорттық ойындармен жалғасты.
Туған жерге туыңды тік!
Туған жерге туыңды тік!
Туған жерге туыңды тік!
Туған жерге туыңды тік!
Туған жерге туыңды тік!