17
февраль
2020
"Абай әлемі" атты сурет және коллаж байқауының қорытындысы
Мектебімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай әлемі» атты сурет және коллаж байқауы өтті. Оған 5-11 сыныптар қатысты. Оқушылар мен сыныптардың шығармашылық жұмыстары қазылар тарапынан сараланып, қорытындысы шығарылды. Атап айтқанда, 6 «А» сынып оқушылары Мамажанов Біржан мен Хасенов Әлинұр «Шебер суретші», 5 «А» сынып оқушылары Шакиртов Райымбек пен Мақсұтқан Елдос, 5 «Б» сынып оқушысы Сапарғалиева Жаннұр «Жас суретші» бағамымен марапатталды.
Коллаж байқауының қорытындысы бойынша 9 «Б» сынып пен 6 «Б» сынып «Үздік коллаж» номинациясын иеленді. «Шығармашыл», «Талғампаз», «Ізденімпаз» номинацияларын қалған сыныптар өзара бөлісті.
Коллаж байқауының қорытындысы бойынша 9 «Б» сынып пен 6 «Б» сынып «Үздік коллаж» номинациясын иеленді. «Шығармашыл», «Талғампаз», «Ізденімпаз» номинацияларын қалған сыныптар өзара бөлісті.





