МИФ апталығы туралы мәлімет » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2020

МИФ апталығы туралы мәлімет

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ-де «МИФ- нақты ғылымдар әлемі» атты апталықтың жабылуы туралы хабарлама
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ-де математика, информатика және физика пән бірлестігінің «МИФ- нақты ғылымдар әлемі» атты апталықтың жабылу кеші «МИФ патшалығы» атты кешпен аяқталды. Мұнда 7-11 сыныпқа математика, информатика, физика пәндерінің ғалымдары және 5-6 сыныптарға 0-ден 9-ға дейінгі сандар бөлініп берілді.
7-11 сыныптар өздеріне бөлінген ғалымдарды осы пәндерден қандай жаңалықтар ашты, сол бойынша ғалымдар өмірінен көрініс көрсетсе, 5-6 сыныптар цифрлардың шығу тарихы туралы мәліметтер берілді. Осы цифрлар туралы өлеңдер оқылып, тақпақтар айтылды. 10 сынып оқушылары лентамен геометриялық фигураларды бейнелей отыра би биледі. 9 «а» сынып оқушылары «Робот» биін билеп, кешті қызықтыра түсті.
«Жалғасын тап» атты ойын ойналды. Мұнда әр оқушы кеспе қағазды таңдап алып, онда жазылған математикалық немесе физикалық формулалардың жалғасын тауып, танго биін биледі.
Кеш соңына қарай апталыққа белсене қатысқан сыныптар және жекелеген оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.