МИФ апталығы туралы мәлімет » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2020

МИФ апталығы туралы мәлімет

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ-де ақпан айының 17 мен 22 аралығында өтетін «МИФ- нақты ғылымдар әлемі» атты апталық туралы мәлімет

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ-де математика, информатика және физика пән бірлестігінің «МИФ- нақты ғылымдар әлемі» атты апталықтың төртінші күні физика пәніне арналды. «»Бұл – фокус емес, бұл – физика» атауымен өткізілді. Физика пәнін 7-11 сынып аралығында оқығандықтан, 7-11 сыныптары қатысып, 5-6 сыныптар алдыңғы буын өкілдеріне қызыға қарап тұрды. Ертеңгілікте 10-11 сынып оқушылары І тәжірибе ретінде Максвелл маятнигін көрсетті. Маятниктің жіппен бірге жоғары-төмен қозғалып тұруы потенциалдық энергияның артуынан болады.
ІІ тәжірибелеріне май шам, шыны, сүлгі. Сүлгіні суға матырып алып, оны шыныға жайып, ортасына май шам қойып, оны жағады. Кейін оның үстіне стақан төңкергенде, май шам өшіп, стақанның іші буланады. Стақанды жоғарыға қарай көтергенде, шыны қоса көтеріледі. Бұл атмосфералық қысымның әсерінен болды. 9 «а» сыныбы өздерінің тәжірибелеріне қалташадағы шайдың қағазын, сіріңкені ғана қолданды. Шайдың қағазын цилиндр түрінде орналастырып, сіріңке шиімен жаққанда қағаз жанады. Жанып болған соң, қағаз үгіндісі жоғары ұшады. Бұл булануға байланысты тәжірибе.
9 «б» сыныбы батарея, қылсым, түйреуіш, пластилин, магнитті қолданды. Батареяның үстіне пла тилинді орналастырып, оған магнитті орнатамыз. Батареяның екі шетіне екі түйреуішті бекітеміз. Түйреуіштің екі саңылауына қыл сымды орналастырғаннан кейін қылсым айналады. Бұл магнитке заряд берілу әсерінен болды.
8 «а» сыныбына І тәжірибе ретінде: нан содасы, уксус берілді. Нан содасына уксус құйғанда көпіршік пайда болады.
ІІ тәжірибе: шемішке майы, су, ыдыс. Суды стақанға құйып, үстіне майды құямыз, мұнда май мен су араласпайды. Енді марганец араласқан сұйықтықты құйсақ, марганец суға ғана араласады. Диффузия құбылысын байқадық.
7 «а» сыныбы: магнит пен темір үгінділерінен жасады магнитті темір үгінділеріне жақындатқанда, өзіне тартылады. өйткені магниттің денелерді өзіне тарту күші бар. ІІ тәжірибесі ретінде Спрайт шырыны мен мейізді алды. Стақанға спрайтты құямыз, оған мейізді салғанда ол жоғарыға көтеріледі. Бұдан молекулалардың қозғалысын көруге болады.
7 «б» сыныбы су, тарелка, марганец ұнтағы. Екі тарелка алып, біреуіне ыстық, екіншісіне суық су құямыз. Екеуіне бірдей марганец араластырғанда, ыстық судағы марганец тез еріп кетеді. Физика пәнінің мұғалімі: Баелова Салтанат Адыкановна