19
февраль
2020
"МИФ - нақты ғылымдар әлемі" апталығы туралы мәлімет
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-де математика, информатика және физика пән бірлестігінің "МИФ- нақты ғылымдар әлемі" атты апталықтың үшінші күні информатика пәніне арналып, "ХХІ ғасыр - робототехника заманы" атауымен ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте І кезең ретінде робототехника курсынан блиц- сұрақтар қойылды. Бұл әдіс оқушылардың миына шабуыл ретінде тез әрі дұрыс жауап беру мақсатында қолданылды. ІІ кезеңде "Жарнамалау", яғни үйге берілген тапсырма ретінде робот макетін жасау болған. Бұл кезең бойынша роботтарын жасап әкелген 10"а", 9 "а", 7 "а" және 7 "б" сыныптары. Роботтарын жүргізіп оқушылар мен ұстаздарға көрсетілім жасады. ІІІ кезең "Кино атауын тап". Соңғы ІІІ кезеңде роботтарға байланысты түсірілген 6 фильмнің сюжетінен үзінді оқылды. Берілген сұрақтарға оқушылар жақсы жауап берді.





