"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау туралы ақпарат







«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау іс-шарасы туралымәлімет
2025 жылдың 24 қазанында "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-де «ЖАС ҰЛАН» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысты.
1 және 5 сыныптың оқушылары"Жас Қыран"және "Жас Ұлан" қатарына қабылданып, ант берді.
Мектеп директорыЖумакулов Жайк Елеуканович пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаркынбаев Нуржан Бейсенбекович жас ұландарды құттықтап, еліміздің болашағына адал, білімді, еңбекқор тұлға болуға тілек білдірді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға үлкен рухани әсер қалдырды.
Қабылданған оқушыларға мойынтақ тағылып, төсбелгілер табысталды.
Мектеп тәлімгері: А.С.Ибраева