Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
2024жылғы 24 қазан күні “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі” КММ-де “25 қазан-Қазақстан Республикасының Республика күні” мерекесіне орай ұйымдастырылған 1 және 5-ші сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан”балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымына қабылдау салтанатты жиынының мәліметі
“Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі” КММ-де 2024жылдың қазанайының 24-ші жұлдызында оқушыларды Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан”балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Жиын мектептің мәжіліс залында өткізілді.
Жиын өтетін аумақ жалау, шар, ұрандармен безендірілді. Алаңның төріне қонақтарға арналған орын дайындалды. Жиын сахнасы ұйым атрибуттары бейнеленген баннермен безендірілген.
Мектеп оқушылары алаңда сап түзеп тұрды. Іс-шара басталғанға дейін патриоттық әуендер естіліп тұрды. Сахнаның екі жағынан Республикалық ұйымға қабылданатын мектеп оқушылары патриоттық әуен ырғағымен салтанатты сапта жиын төріне –сахнаға қарсы бетке келіп тұрды.
Салтанатты жиынға шақыратын және оның басталуын хабарлайтын фанфар ойналды. Ортаға Ұланбасы шықты, қабылдау рәсімі туралы кеңінен түсіндіріп, жиынға қатысып отырған құрметті қонақтармен таныстырды. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төс белгі тағу құқығы құрметті қонақтарға берілді. Дабыл маршы ойналды, галстук байлау және төсбелгі тағу рәсімі жүргізілді. 1 сынып оқушыларына галстукты 11 сынып оқушылары тақты, ал 5 сынып оқушыларына мектеп директоры -Жумакулов Жайк Елеуканович, ауыл әкімі -Адаев Мурат Имашевич, мектеп ұстаздары галстук тақты.“Жас Ұлан” ұйымының анты айтылды.
Республикалық “Жас Ұлан”ұйымының әні орындалды. Құттықтау сөз кезегі Мектеп директоры -Жумакулов Жайк Елеуканович, ауыл әкімі -Адаев Мурат Имашевичке берілді, би үйірмесінің жетекшісі -Мұқатжанова Жеңісгүл Қайратқызының жетекшілігімен патриоттық флешмоб орындалды. Сазды әуенмен оқушылар сап түзеп жиыннан шықты.