Противодействие коррупции; Адалдық сағаты » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
04
декабрь
2019

Противодействие коррупции; Адалдық сағаты

Адалдық сағаты
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі»КММ бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өткізілуі туралы мәлімет.
Жасұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық,әділдік сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буыннның рухани болмысын бекітіп , сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, ойы ұшқыр, парасатты тұлға тәрбиелеу мақсатында 1-11 сыныптар арасында «Адалдық сағаты» өткізілді.
«Адалдық сағатына» ауыл әкімшілігінің бас маманы Ибраев Тарбағатай Итемірұлы келіп қатысты.
1-2 сыныптарда «Адал дос» тақырыбында әңгіме сабақ өткізілді.
3 сыныпта «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында оқушыларға адамгершілік, әділеттілік жайындағы түсніктерді мақал –мәтелдің мағынасын ашу, топтық жұмыс, «өз ойым» әдістерін пайдалана отырып сабақтың мазмұнын ашты.
4 сыныптарда «Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» тақырбында тәрбие сағаты өткізілді. Өткізілген іс-шара барысында оқушыларға тақырыптың мағынасын ашу, түснікті болу үшін «миға шабуыл», «мақал-мәтелдер сайысы», «ситуациялық сұрақтар», «суреттер сөйлейді» әдістерін қолдану арқылы тақырыпты толығымен аша алды.
5-8 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі» тақырыптарында тренинг сабақ ұйымдастырылды.Тренинг барысында 1998 жылғы 2 шілдеде қабылданған ҚР №267 Сыбайлас жемқорлыққа курес заңы туралы толық мәлімет алып, адалдық жағымды қасиеттерді сақтап, дұрыс шешім қабылдауға және мақсатты нәтижелерге жету жолында білімдерін кеңейтті.
9-11 сыныптар арасында «Жемқорлық індет-жою міндет» тақырыптарында тренинг сабақ өткізіліп , сыбайлас жемқорлық-деген түсінік мағынасына этимологиялық талдау жа сай отырып, құқыққа қарсы іс-әрекет екеніне толық талдау жасап, қазақстандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес» шаралары мен әдістерін жайында түсінік алды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып өткізілді.
Өткізілген іс-шараға 218 оқушы қамтылды.
Мектеп директоры: Ж.Е. Жумакулов