"Қарты бар ауыл - қазыналы" » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
01
October
2018

"Қарты бар ауыл - қазыналы"

«Қарты бар ауыл – қазыналы» атты мерекелік іс-шара
1 қазан қарттар күні аталып өтті


Қарттары бар жұрттың қазынасы бар.Ауылымыздың қарттарының ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың санасына сіңіре отырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, дәріптеу мақсатында мектебімізде «Қарты бар ауыл -қазыналы» атты кофе- брейк өткізілді. Мерекелік іс-шараға 11 ауылмыздың қарт аталары мен әжелері және 20 оқушы, 50 көрермен-оқушы , ауыл тұрғындары қатысты.
Қазақы болмысымыздың бояуын жоғалтпай өскелең ұрпаққа жол көрсетер қарияларымыз даналығын айтып, ұрпақты ұлтжандылыққа, қазақы тәрбиеге бағыттау мақсатында ауылымыздың «Әдемі-ау» әжелер ансамблі ән қоржындарындағы халық әндерін орындап, залдағы оқушылардың қойған сұрағына жауап бере отырып, әннің шығу тарихын айтып өтті. Әжелеріміз әннен бөлек ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту аясында келешек ұрпаққа қазақи ою-өрнектің түрлерін көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіріп өтті.
Бұдан кейін мерекелік іс-шараның сахна төріне ауылдың көпті көрген қариялары шығып, қазақтың бата сөздерінің даналығы жайлы ой қозғады. Қоржынға салынған батаның түрлері жазылған асық алу арқылы мерекеге жиналған көпшілікке батаның түрлері мен маңыздылығы жайлы айта отырып және көне кезден бүгінге жеткен киелі жәдігерлеріміздің бірі қамшы өру түрлерімен де таныстыра келе, қамшыны атқа отырғанда қолданатын құрал ретінде ғана емес, қанды шайқаста ердің бағын ашар, қас жаудан құтқарып алар сенімді серігі екендігіне тоқталып сегіз таспа қамшы өріп жиналған көпшілікке ұсынды.
Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, бұдан әрі ұлттық спорттық ойындармен ұласты.
Бүгінгі өткізілген іс-шарадан жас ұрпақ өкілдері көпті көрген қариялар мен ақ жаулықты аналарымыздың әңгімесін, ақылын қызығушылықпен тыңдай отырып имандылықты, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіне отырып, ұлттық салт-дәстүр арқылы еңбек ете білуге деген құлшыныстары оянды.
"Қарты бар ауыл - қазыналы"
"Қарты бар ауыл - қазыналы"
"Қарты бар ауыл - қазыналы"