12
April
2017
«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы.



«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі»КММ-де «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акция аясында әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмыс жағдай төмен отбасы және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Жүрек жылуы» атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Концерттік бағдарламаға Үржар аудандық мәденеиет үйінің Балалар мен жасөспірімдер театрының әншілері Гулдарай Абылханова, Толқын Әшетұлы ,театр актерлері Серік Тәңірбергенұлы Шакенов ,Айбек Ғазезұлы Сыдықов,және Көктал ауылдық округінің мәдениет үйінің қызметкерлері Садвакасовтар отбасы, сонымен бірге ауылымыздың өнерпаздары шақырылып, жиналған көрермендер өнерпаздардың өнеріне тәнті болды.
Даладай дархан көңілді ұлттың ұрпағы ретінде акцияға ауыл әкімінің аппараты, емхана ұжымы, «Балдырған» бала-бақша ұжымы,ауыл азаматтары,ЖШҚ ,мектеп ұжымы қатысты. Акция барысында жиналған қаражатқа мектебіміздегі көмек алуға құқығы бар отбасы балалары 10 оқушыға /сырт киім,аяқ-киім, оқу құралыдары, спорттық киім/ 60,000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
«Қамқорлық» акциясына шын жүрекпен ,ақ неитпен көмек қолын созған жоMarch азаматтар Мұқатаев Нұралы, Еңсебаев Валихан, Мейірханов Манат, Мейірханов Жеңіс, Жарқымбаев Ержан, Ибраева Ләзат, «Әдемі-ау» әжелер ансамбльіне, ауыл әкімінің аппаратына, Емхана ұжымына, «Балдырған» бала-бақша ұжымына алғысымыз шексіз.
Теги:
«Жүрек жылуы»