Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы Заңның орындалуы туралы » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы Заңның орындалуы туралы
04
March
2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы Заңның орындалуы туралы

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ 2017-2018 оқу жылында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту, ұжым мүшелерінің қызметтерін түсіндіру мақсатында мектепте жоспар құрылып, төмендегідей іс- шаралар жүзеге асырылып келеді.
Міне, осындай мақсатта Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, 100 нақты қадам жоспарында көрсетілген _13___ қадамды және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудағы тоғызыншы бөлімде көрсетілген тапсырмаларды басшылыққа аламыз.
1. Мектептің кіре беріс дәлізіне «Сыбайлас Жемқорлықтың алдын алу туралы Заңы», Government services көрсету Заңы мен бұрышы, мен стенді ілінді.
2. Сенім жәшігіне «Ұлттық сенім телефоны 111, « Отбасы және баланы қолдау» сенім телефон номері, тб сенім телефон номерлері жазылды. .Сенім жәшігі айына 1 рет ашылып, актіленіп тұрады, «Сенiм телефоны»арқылы түскен өтініш, арыздар тіркелген жоқ.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында «Адал ұрпақ- ел болашағы» атты арнайы стенді жасылынып, оған мектепішілік жоспарлар ілінді.
Жоспарға сәйкес апталық, айлық іс- шаралар жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда:
Оқу жылының басында мектепішілік әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларды анықталып, № 163 спецификасы негізінде мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпенен 81 оқушы тамақтанады.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы негізінде аз қамтылған балаларға, көп балалы отбасы балаларына 150 мың теңге көлемінде 20 оқушыға жылы аяқ киім мен куртка алынып берілді.
Жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін қаралып, хаттамлары жазылып, шешім шығырылды. Онда ата – аналарға мектепке заңсыз қаражат жинамау, ұстаздарға, мектепке сыйлық бермеу мәселелері айтылды.
Жыл бойы үздіксіз мектеп оқушылары арасында Сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін карикатуралық суреттер мен газеттер шығарылады. Best деп танылған суреттер мен газеттер, шығармалар мектеп сайтына орналастырылды, «Cемей таңы», «Уақыт тынысы» газеттеріне жарияланды.
1-11 сыныптар аралығында сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері «Сыбайластық дегеніміз не?» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Сыбайластық – індет, күресу - міндет» «Құлқынның құлына айналғандардан адамыз» «Жең ұшынан жалғасқан дерт», «Коррупция» т,б тақырыптарда тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар және дебат пікір- талас алаңдары өтті.
Қорыта келгенде мемлекетімізге , елімізге аса үлкен қауіпті дерт саналатын «Сыбайлас жемқорлықпен күрес » шаралары өз нәтижесін көрсетіп келеді деп айта аламыз. Себебі қандай жағдай болмасын бүгінгі таңда оқушы да, ата- анада, ұстаз да, басқа да азаматтар бойынан сыбайластыққа деген жеккөрушілік сезімін көруге болады.