Бала құқын қорғау, баланың жарақатын болдырмау" » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
30
апрель
2022

Бала құқын қорғау, баланың жарақатын болдырмау"

Келдімұрат ауылы А.Байтұрсынов ОМ КММ

Күн тәртібінде: Абайлаңыз балалар, Педофил , кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу бойынша
Өткізілетін жері: А.Байтұрсынов ОМ КММ акт залы
Қатысқандар: Мақаншы ПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндеігі учаскелік полиция инспекторлары Д.Бейсканов, Н.Нурмухаметова
Мектеп тәрбие заувучы Н.Жаркынбаев
Психолог Е.Кабакаев

Күн тәртібінде: Педофил... Балаларды қалай қорғаймыз?


Балалар мен жасөспірімдердердің қауіпсіздігі жайында сөз қозғалғанда ең алдымен ойға оралатын сөз - «педофил»... Ата-аналардың ойына үрей ұялататын осы сөздің мағынасы да оңып тұрған жоқ. Латын тілінен аударғанда «балаларға деген сүйіспеншілік» деген мағынаны береді екен. Бірақ бұл «сүйіспеншілік» өзгеше...
Бүгінде бұл термин балалар мен жасөспірімдерге жыныстық құмарлығы артатын психикалық ауытқушылықты білдіреді. Мұндай ауытқушылыққа ұшыраған адамдар халық арасында (мамандардың пайымдауынша) 10 мыңнан біреу болатын көрінеді.

Ауытқушылығы бар адамды қалай танып-білуге болады?
Мұндай адамдар кәдімгі дені сау адамдардан айырмашылығы болады деп ойлау қате. «Педофил» дегенде көпшіліктің көз алдына жүрексіз, жүзі қатыгез, масаң, үсті-басы лас адамдар елестейтін көрінеді. Сондай-ақ, қалыпты адамдар арасында өмір сүре алмайтын психикасы шайқалған адамдар деп ойлайды екен. Бірақ, бұл сенімнің алдайтыны өкінішті. Себебі, педофилдер – көп жағдайда отбасылы, өздерінің де балалары бар, тып-тыныш қана жүрген кәдімгі адамдар болатынына сену қиын. Иә, расында солай. Олар көбіне балалармен қарым-қатынас жасайтын жұмысты таңдайтын көрінеді. Ол балалармен уақытты көбірек өткізуге ыңғайлы мектеп, түрлі секциялар мен үйірмелер болуы мүмкін.
Бірақ, балалармен және жасөспірімдермен бірге көп уақытын өткізетін жандардың бәріне күдікпен қарауға болмайды ғой. Олардың барлығы да расында балалармен жұмыс жасағанды шын ұнататын адамдар және онда тұрған ештеңе жоқ. Сонда ауытқушылығы бар адамды қалай танып-білуге болады?
Оларға мұқият назар аударғанда, бойларынан мынадай белгілерді анықтауға болатын көрінеді:
•педофилдің жасы көбіне 16-дан төмен емес, өз құрбанынан кем дегенде 5 жас үлкен болады;
•көбіне баламен оңаша қалуға ұмтылады. Баланың ата-анасымен, қамқоршы ересектермен кездесуден қашқақтайды;
•көбіне 14 жасқа дейінгі балалармен қарым-қатынас орнатады, оның айналасын мұқият зерттейді;
•баланы әлдеқайда шақырады, бірақ ол жайында ата-анасына ескертпейді;
•себепсіз сыйлық немесе ақша ұсынуы мүмкін;
•баламен физикалық қарым-қатынаста болғысы келеді – денесіне жақындап, құшақтайды, сүйіп, тізесіне отырғызғысы келеді;
•балаларды сырттан ұзақ бақылайды – мысалы, бірнеше күн бойы ойнап немесе шомылып жатқан балалар мен жасөспірімдерді аңдуы мүмкін;
•педофил 13 жасына дейін басынан қатты соққы алған болуы мүмкін. Сондықтан да оның жүйке жүйесінде ауытқышылық орын алған болуы ықтимал. Соның салдарынан базалық инстинкті бұзылады. Сол себепті дені сау адамдарда баланы көргенде қорғаншылық, яғни, ата-аналық инстинкт оянса, педофилде жыныстық инстинкт бас көтереді;
•педофилдердің басым көпшілігінде ашық немесе жасырын алкогольге тәуелділік кездеседі. Ол алкогольден уақытша «кодталған» болуы да мүмкін;
•баламен жыныстық қарым-қатынас тақырыбында әңгіме қозғайды.
Міне, педофилия дертіне шалдыққан адамды оның сырт келбетіне қарап емес, іс-әрекеті мен оның балалармен қарым-қатынасына қарап қана анықтауға болады.



Не істеу керек?
Әлбетте, билік те қарап отырған жоқ. Педофилдерге қолданылатын заңды шаралар бар. Бірақ оған дейін жеткізбей балалар мен жасөспірімдерді ауытқушылыққа ұшыраған адамның тырнағынан қалай сақтай аламыз? Таңертеңнен кешке дейін жұмыста болатын, амалсыздан мектепте оқитын балаларын қалдырып, оларды асырау қамымен жүрген ата-аналар қайткені дұрыс?

Ең дұрысы – балаларды үркітіп алмай, түсінікті тілмен ондай адамдардан қалай қорғану керектігін түсіндіру.
Балалар міндетті түрде қарапайым қауіпсіздік ережелерін, көшеде жүру тәртібі мен бөтен адамдармен қандай білуі тиіс. Тек біліп қана қоймай, мұндай ережелерді не үшін сақтау керектігін де жете түсінуі қажет. Бұл баланы тек жыныстық еміншіліктен ғана емес, басқа да кездейсоқ жағдайлардан сақтануды қамтамасыз етеді.
6-7 жастағы баланы кез келген ересек адамға имандай сенетіні белгілі. Ол ғана емес, мамандардың айтуынша, үйінде тым қатаң тәрбие көрген, үлкендер ортасында ойын ашық айта білуге үйренбеген жасөспірімдер де өзінен үлкен ересектердің айтуына тез еретін көрінеді. Сондықтан да баланы кішкентай күнінен бөтен мен туыстың арасын ажырата алардай, кез келген ортада ойын ашық айта алатындай етіп баулыған дұрыс. Бүгінде де педофилдерден сақтандырудың ең дұрыс тәсілі осы болып тұрған сыңайлы.
Туыстар мен ата-аналардың таныстары тарапынан болатын педофилдік әрекетке де бала өздігінен қарсыласа білгенді үйренгені жөн.

Балаларды мынадай жағдайлардан сақтандыру қажет:
* Егер көшеде бөтен адам онымен бірге әлдеқайда баруды немесе көлікке отыруды өтінсе... Баламен сөйлескенде міндетті түрде бөтенмен бірге ешқайда бармауды және оның көлігіне отырмауды, ол туралы міндетті түрде ата-анасына айтуы керектігін ескертіңіз. Тіпті ол оқытушысы немесе отбасына туыс, дос болса да. Қандай да бір ұсыныс түскен жағдайда бала бірінші болып өздігінен ата-анасына ол туралы сол сәтте хабарласып айтуы керектігін мұқият тапсырыңыз. Балаға туысы немесе таныс адам (бөтен) «ата-анаң рұқсат берді» десе де, оны тек ата-анасының өзінен алдымен сұрап білу керектігін жіті түсіндіруіңіз керек;
•ересек адам қандай да бір жыныстық қатынасты дәріптейтін әңгіме айтып немесе суреттер мен бейнежазбаны көруді ұсынған болса, алдымен бірден бас тартып, сонан соң бірден ата-анасына хабарласуы тиіс;
•тізесіне отырғызып, қытықтау мен құшақтау сияқты ерсі қылықтар көрсетсе;
•себепсізден себепсіз сыйлық ұсынса, мұндай жағдайлардың бәрін де бала ата-анасына еркін және тез арада айтатын болуы керек. Бала мұндай жағдайлардың бәрі де ата-ананың назарынан тыс қалмауы тиіс екенін жете түсінуі тиіс.
Ал егер да әлгі адамдардың тарапынан қызбалық байқалып, көлікке күштеп отырғызбақ болса, қолынан тартып сүйрей жөнелсе, бала ештеңеден тайсалмай, қысылмай айқайлап, көмекке шақыру керектігін білуге тиіс. Айнала жақын маңдағы адамдардың назарын өзіне аударатындай әрекетке барудан тартынбау керектігін айтып түсіндіруіңіз қажет.

Ата-аналар тағы не істей алады?
Педофилиядан сақтану үшін ата-ана баласы үшін нағыз АТА-АНА бола білуі тиіс. Бұл бірінші кезектегі әрекет!
Нағыз, жақсы және баласымен арада терең түсіністік қалыптастырған ата-ананың балалары ғана мүндай қауіптен сақтана алады. Ата-ананың рөлін ойнап қана қоймай, нағыз ата-ана бола алған жөн.
Балаларыңызға сеніңіз. Олар сізге қалай сенсе, сіз де оларға сондай сеніммен қарауыңыз қажет. Сонда ғана бала да ата-анасына үлкен сенім арта алады. Өзіндей сенетін болады.
Есте сақтаңыз! Балаға ата-анадан ең бірінші үлкен махаббат пен мейірім қажет. Сіздің тапқан табысыңыз бен ортада жиған абыройыңыз емес, тек махаббатыңыз ғана! Мейіріммен қарап, оны бағып-қаққаныңыз, оның көңіл-күйін өзіңіздей түсінгеніңіз, оның да жеке тұлға екендігін сыйлап естен шығармағаныңыз, қолдауыңыз және назарыңыз (назар аударуды тек қадағалау деп қана түсініп, қателеспеңіз!) қажет!

Одан басқа балаңызды жалықтырып жібермейтіндей тұрғыда қадағалауды қолға алғаныңыз мақұл. Қадағалау болғанда да, оның көңіл-күйін, мәселелерін, жағдайын, оның қызығушылықтарын, әлеуметтік желідегі ортасын және т.б. бәрін де білуге міндеттісіз.
Ата-ана өз абыройын емес, баласының осынау жағдайларын бірінші орынға қойғанда ғана арада терең түсіністік қалыптасады.
Балаңызға әлдекімдердің ұсынысына «ЖОҚ!» деп айтуды үйретіңіз.
127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы – жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту.
Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу
Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.




133-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы
1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

434-бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға
сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге
әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық қарудан оқ ату, пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды ұшыру
1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық қарудан оқ ату – қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару – пиротехникалық құралдар мен құрылғылар тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – пиротехникалық құрылғылар тәркiлене отырып, ата-анасына немесе оларды алмастыратын
адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекеттер – әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған зат тәркілене отырып, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты
қорлайтын масаң күйде келу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер – бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
441-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу – жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнайы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнайы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы – лауазымды адамға – он, заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
442-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы жәнекәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы – заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады