Білім күні » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
26
ноябрь
2019

Білім күні

« Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беру ұйымдарында 2019 жылы 25 қазанда
«Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»
атты бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы мәлімет


Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасын дамыту мақсатында 1-11 сыныптар арасында. «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатына оқушылар мен ата-аналар қамтылды. 1-4 сынып аралығында «Менің отбасым супер!», «Мен отбасыммен мақтанамын» тақырыптарында фота көрме ұйымдастырылып оқушылар өз отбасылары туралы әңгіме-пікір өткізді.5-8 сыныптар арасында:«Менің отбасымның тарихы»,«Менің отбасымның фотосуреттеріндегі тарихы» өткізілген іс-шараларда оқушылар отбасы әлемі, отбасы құндылықтары, отбасындағы жылылық, қамқорлық жайында сыр шертті.
9-11 сыныптарда «Отбасының рухани құндылықтары» тақырыбында ашық әңгіме өткізіп,іс-шара барысында отбасылық мерекелер, дәстүрлер, өз отбасындағы құндылықтары жайында пікір алмасып, бақытты отбасында өмір сүріп жатқандарын жеткізе білді.

Өткізілген шаралар барысында оқушылар тәрбие бастауы отбасы туралы толық мәлімет алды.

Мектеп директоры: Ж.Е. Жумакулов