10
ноябрь
2023
«Прокурор сағаты – есірткі және жасөспірім»
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ- де "Прокурор сағаты – есірткі және жасөспірім» атты оқушылар арасында дәріс берілді.
Есірткі – бүкіл ағзаны құртатын күшті у.
Бір рет қолданған-ақ тәуелділік пайда болады.
Оның зияны туралы бәрі біледі.
Алайда нашақорлар саны жылдан жылға артып барады.
Ресми мәлімет бойынша, елімізде 18 мың адам есепте тұр.
Бірақ нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары.
Шамамен 150 мың адам. Яғни, шағын бір қаланың
тұрғындары деуге болады.
Бұны елестетудің өзі қорқынышты!
Әлемдік практикаға сәйкес, есірткіге тәуелді 10 адамның 1-
уі ғана бұл жаман әдеттен бас тарта алады.
Ал қалғандарының өмірі қайғылы аяқталады.
Олар тек артық дозадан қайтыс болмайды.
Нашақорлар көп жағдайда ВИЧ, гепатит, инсульт, инфаркт,
циррроздан қайтыс болады немесе өз өзіне қол жұмсайды.
Синтетикалық есірткі қолданатындардың өмірлік циклі 5
жылдан аспайды.
2
5 жыл бойы көретіні: азап, ауру және қорлық.
Ал, есірткі сатушылар синтетикалық наркотик қауіпсіз және
тәуелділікке әкелмейді деп сендіреді.
Бірақ бұл өтірік!
Синтетика героиннен он есе қауіпті.
Әуелде бәрі қызық болып көрінеді.
Адам бірнеше күн бойы қарнының ашқанын, ұйқысы
келгенін сезінбей, сергек жүруі мүмкін.
Бірақ бұл өзін-өзі алдау.
Есірткінің күші тарқай бастағанда, оның кері әсері «іске
қосылады» – апатия, депрессия, бұлшықеттің құрысуы,
ұйқысыздық және әлсіздік.
Ал адам осы жағымсыз күйден арылу үшін қайтадан
наркотик іздей бастайды.
Бұл кезде ағзада не болады?
Ең алдымен жүрек, бүйрек және бауыр зардап шегеді.
Ағзаның мүмкіндігі сарқылады.
Иммундық жүйе бұзылғандықтан, адам жиі ауырады және
вирусқа қарсы тұра алмайды.
Нашақорларда жиі кездесетін симптом - үнемі мұрыннан қан
кету.
Ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылады. Витаминдер толық
сіңбейді, бауыр қызметі бұзылады.
Психикасы қатты зардап шегеді.
Интеллектісі төмендейді. Адам бірте-бірте деградацияға
ұшырайды.
Психоз, депрессия, жүйке тозуы, мазасыздық,
галлюцинация пайда болады, суицидке итермелейді.
Наркотиктің әсерінен адамдардың терезені есікпен
шатастырып, биік ғимараттардан құлап өлуі фактілері болған.
Наркомандардан физикалық және психикалық ауытқулары
бар бала туылады.
Жастар есірткінің зияны туралы біле тұра, неге оның
дәмін татып көргісі келеді деген сұрақ туындайды.
3
Біреулер қызығушылықпен наркотик қолданса, біреу
құрбыларын қолдайды.
Бірқатарлары еркінен тыс тәуекелді болатындары да бар.
Бұл жағдай көбіне ойын-сауық орындарында, түнгі
клубтарда болатын жағдай.
Қыздардың бокалындағы сусындарына есірткі қосып жіберу
жағдайлары да болған.
Қасыңыздағы кез келген адам үшін, Сіздің сусыныңызға
наркотик қосу еш қиындық туғызбайды, сондықтан мұқият
болыңыз!
Бұл есірткі сатушыларға тиімді, өйткені жаңадан қосылған
әр адам оның табыс көзі.
***
Тағы бір маңызды мәселе – жастарды есірткі бизнесіне
тарту.
Көпшілігіңіз әлеуметтік желілердегі көп кездесетін жеңіл, тез
және аз уақытта үлкен табыс табу туралы жарнамаларды
кездестірген шығарсыздар.
Өкінішке қарай, мұндай «жұмыстың» заңсыз екенін және
қатаң жауаптылық бар екенін бәрі бірдей біле бермейді.
Кейбірі бұны уақытша кәсіп болады деп ойлаған, тез арада
ақша тауып, iPhone сатып алғысы келді немесе қызына, ата-
анасына сыйлық жасағысы келді.
Бірақ, есірткі бизнесінің құрсауына түскен соң, одан шығу
қиын.
Бұл өмірдің шындығы.
Есірткі тарататын курьер болып орналасу үшін адам өзінің
жеке мәліметтерін «жұмыс берушіге» тапсырады.
Осы сәттен бастап ол біреудің қолындағы қуыршаққа
айналады.
Бұл істі тастағысы келсе де, оған мұндай мүмкіндік
бермейді.
Себебі есірткі бизнесі мыңдаған адамды қамтитын үлкен
құрылым.
4
Оның ішінде әр салаға жауапты адамдар бар.
Мысалы, біреулері курьер іздеумен айналысса, келесісі
мәлімет жинайды, ал тағы бірі бұл жұмыстан бас тартқысы
келетіндерге күш көрсету, қоқан-лоқы жасау, қорқытуға жауапты.
Есірткі таситын курьерлерді соққыға жығып, үстіне
«зелёнка» шашып жатқан видеолардың көрген шығарсыз.
Сондай-ақ қолда бар компраматты полицияға тапсырамыз
деп те бопсалауы мүмкін.
Олардың мақсаты – адамды мүмкіндігінше ұзақ пайдалану,
сол арқылы пайда табу.
Бірақ курьерлік қызметі онсыз да ұзаққа созылмайды.
Әдетте, олар алғашқы 2 апта ішінде құқық қорғау
органдарының назарына ілігеді.
Бұдан соң жетекшілеріне шығу үшін әрі қарай бақылау,
дәлелдеме жинау жұмыстары жүргізіледі.
Қалай болғанда да, қылмыстық жазадан қашып құтыла
алмайды.
Біздің елімізде есірткі қылмысы үшін қатаң жазаланады,
тіпті өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін
атап өткім келеді.
Сіздер жаңалықтардан Орал қаласында жоғары сынып
оқушысының ұсталғанын естіген боларсыздар, одан бірнеше
есірткі салынған түйіншек және телефонынан оларды
жасыратын орынның схемасы табылған.
Мұндай қылмыс үшін 10 жылдан 20 жылға дейін сотталуы
мүмкін. Және жасына байланысты ешқандай жеңілдік жоқ.
Жасөспірімдер 18 жасқа толғанға дейін балалар
колониясында жазасын өтейді, содан кейін оларды
рецидивистер, кісі өлтірушілер, зорлаушылар «отыратын»
ересектердің түрмесіне ауыстырады.
Қазір түрмелерде есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп
жатқандар 4 мыңнан асады, басым бөлігі – жастар.
5
Өкінішке қарай, цифрлық технологиялардың дамуы есірткі
бизнесін ұйымдастырушыларға ұзақ уақыт тасада қалуға
мүмкіндік береді.
Ал олар үшін курьер, «закладчик» деген – қолжаулық, яғни
қол сүртетін орамал секілді, пайдаланғаннан кейін лақтыра
салады.
Себебі біреуі ұсталып қалса, оның орнына оңай табыс
тапқысы келетін 10 адам келеді.
Мүмкін сіз ғашық жігітіне қандай да бір ұнтақты орауға
көмектескен қыз туралы естіген шығарсыз.
Оның айтуынша, ол заттың есірткі екенін және ол үшін
қылмыстық жауапкершілік бар екенін білмеген.
Кейінірек ол өзінің бұл іс-әрекетінің заңсыз екенін түсіне
бастады, бірақ кәмелетке толмағандықтан, түрмеден құтыламын
деп ойлады.
Нәтижесінде жігіті қашып кетті, ал қыз есірткі таратқаны үшін
ұсталып, 10 жылға сотталды.
Информация үшін айтайын.
Синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін қылмыстық
жауапкершілік 1 грамнан басталады.
Айтпақшы, оны таратқаны және өндіргені үшін ғана емес,
оны насихаттап, жарнамалағаны үшін де қылмыстық
жауапкершілік бар.
Мысалы, бір жігіт аздап ақша тапқысы келген.
Ол рекламасы бар қағаздары жабыстыру жұмысы туралы
хабарландыруды көрген.
Ол қағаздарда онлайн есірткі дүкенінің мекенжайы
көрсетілген QR коды бар екен. Қазір ол жігіт түрмеде.
Табысқа жеткісі келетін жастар басын тәуекелге тігіп,
есірткімен байланыспайды, өйткені бұл мемлекеттік қызметке,
құқық қорғау органдарына немесе халықаралық ұйымдарға
жұмысқа орналасу кезінде кедергі болып табылады.
Сіздер жап-жас, жанып тұрған жігіт-қыздарсыңдар.
Алда керемет мүмкіндіктер бар.
6
Әрқайсыларың қалаған іспен айналыса аласыңдар.
Мұның бәрі өздеріңе байланысты.
Ең бастысы, қателік жасамаңыздар.
Мен де, мұғаліміңіз де, ата-анаңыз да тәулік бойы
жаныңызда бола алмаймыз.
Сондықтан біреу сізге есірткі ұсынған кезде, осы жаман
жолға аяқ басу-баспау туралы шешімді бір өзіңіз ғана
қабылдайсыз.
Дұрыс таңдау жасайсыздар деп үміттенемін.
Араларыңызда синтетиканы қолданып көрген, тәуелділіктің
алғашқы белгілері бар адамдардың болуы әбден мүмкін, немесе
сіздің досыңыз не танысыңыз қиналып жүрген шығар?!
Мұндай жағдайларда мына Сенім телефонына хабарлауды
сұраймыз