29
январь
2018
«Алаш туы астында!»
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде Алаш қозғалысына 100 жыл толуына орай «Алаш туы астында!» атты атты дөңгелек үстөл өтті. Оған 7-10 сынып оқушылыры қатысты.
Мақсаты:
Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылуына және сол кездегі тарихи саяси оқиғаларға тоқталып, оқушылардың білімдерін шыңдау.
Орынбор қаласында өткен ІІ-ші Жалпықазақ сьезінің қаулысын талдап, Алаш партиясы мен алаш қайраткерлерінің идеясы туралы оқушылардың ойларын, білімдерін ортаға салу.
Алаш қозғалысының тарихтағы алар орнын ерекшелеп, оқушыларды
патриоттыққа, елін, ұлтын сүюге және ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі етуге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстөлге тарих пәнінің мұғалімі Қойлыбаев Жұмажан Мұхамежанұлы, тәрбие ісінің меңгерушісі Саметекова Жанар Бейсенқызы, тәлімгер Жарқынбаев Нуржан Бейсенбекұлы қатысты.
Дөңгелек үстөл барысында І дүниежүзілік соғыс, Ақпан демократиялық төңкерісі мен Қазан социалистік төңкерісіне туралы оқушылар баяндап берді.
Алаш қозғалысы Қоянды петициясынан бастау алуы, патшалық ресейдің отаршылдық геноцид саясаты мен оған қарсы тұра білген алаш қайраткерлерінің идеялары айтылды.
Атап айтқанда 10 сынып оқушысы Надирбаева Тоғжан мен Маратов Ескендір оқушылар алаш қозғалысының тарихын, алаш партиясының бағдарламасын талдап берді.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Нуржан Бейсенбекұлы Алаш қозғалысының 100 жылдығымен құттықтап, алаш қайраткерлерінің ерлігі мен істеген істері болашақ ұрпаққа үлгі- өнеге екендігін, олардың есімдері күн сайын дәріптеліп, ұрпақтар есінде мәңгі сақталатынын жеткізді.