09
март
2018
Ауғанстан – жүректегі жара
Ауғанстан – жүректегі жара
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ –де 15 ақпан күні «Ауғанстан – жүректегі жара» және «Ауған- ақиқаты» және атты іс- шаралар өтті. Шараға ауылымыздағы ауған соғысының ардагері Набиев Берікбол Ақанұлы шақырылды. Осы жылы ауған соғысының аяқталғанына 29 жыл толып отыр. Сол кездегі социалистік жүйе мен капиталистік жүйенің арасындағы «қырғи –қабақ соғыс» 10 жылға созылып, елімізден Отан алдындағы әскери борышын өтеуге қанша жас аттанғанын білеміз. Сонымен қатар із түссіз жоғалып, қаза тауып, жаралы болып келгендері қаншама. Міне, шараның негізгі мақсаты сол соғыста қаза болған боздақтарымызды еске ала отырып, соғыстың зардаптарын жас ұрпаққа түсіндіру және олардың бойына патриоттық сезімдерін ояту.
Мерекелік шараны алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Демесинов Мақсат Мұратұлы мен 5 «Б» сыныбының жетекшісі Хасенова Рысгүл Мұхаметрахимқызы ұйымдастырды. Оқушылар Берікбол Ақанұлына дайындаған мерекелік концертін ұсынды және де арнайы дайындаған сұрақтарын қойды. 9-10 сынып оқушылары сол кездегі соғыстан көрініс қойса, 5 сынып оқушылары өлең- тақпақ оқыды, «Катюша» биін биледі.
Берікбол Ақанұлы 2 жыл әскери борышын Ауғанстанның Кабул қаласында өткізді. Алдымен Москваға барып, ол жерден Термез қаласына ұшақпен ұшып барады. Сол жерде 6 ай әскери дайындықтан өткен соң, Кабулға ауыр техникалармен жетеді. Соғыстың нақ ортасында болып, ауыр машиналарды бір жерден екінші жерге жеткізу тапсырмасын орындаған.
Бізге Берікбол Ақанұлының әңгімесі күш -қуат, жігер береді және әрдайым мақтан етеміз. Мектепішілік іс- шараларға құрметті қонақ ретінде шақырамыз. Берікбол Ақанұлы да бізге жоқ деп айтпайды. Келесі жылы ауған соғысының 30 жылдығына бұдан да үлкен іс- шаралар өткіземіз деп ойлаймыз.
тәлімгер Жарқынбаев Нуржан