Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын. » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
май
2022

Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын.

Қайырлы күн құрметті қонақтар!
Үржар ауданының әкімі Нуржан Тілеужанұлы және Үржар ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Рысхан Жагыпаровна!
Келдімұрат ауылының тұрғындары, оқушылар , ұстаздар, ата- аналар!
Сіздерді бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен және де 9 мамыр Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, үзақ ғұмыр, елімізге Бейбітшілік тілейміз.
Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға Қ.Р. мемлекеттік гиміні орындалсын.
-- Құрметті қонақтар Жер мен көктің арасын тұтастырып, дүниежүзіне соғыс өртін әкелген, дүниенің төрт бұрышына жауыздықтың, зұлымдықтың тұқымын сепкен, қан құйлы соғыстың аяқталғанына 77 жыл толып отыр.
Уақыт-емші дегендей, соғыс салған жараны толық емдеп жазу мүмкін емес. Себебі, ана баласынан, бала анасынан, ардақты әкесінен айырылып, талай шаңырақ тірегінен, сүйінішінен айырылып, қайғыдан жүректері қан жылады.
Азамат болып ат жалын тартып мінер шағында, жалғыз ұлын сұрапыл соғысқа аттандырып, «қара қағаз» алса да, тірі екеніне шүбәсіз сеніп, өмір бойы қара жолға телміріп, ұлының жолын тосып өткен ақ шашты аналарымыз да аз болмады.
Осы уақыт аралығында енді қайтып ұрпағымыз соғыс зардабын тартпасын, соғыс қасіретін сезбесін деп қаншама тілік тіленді.
--1941 жыл 22- маусым фашистік Германия КСРО –ға тұтқиылдан басып кірді. Италия, Венгрия, Финляндия, Румыния мемлекеттері фашистердің қолына өтті. Фашистік Германияның негізгі мақсаты- «Барбороса» жоспары бойынша КСРО –ны жою еді.
1941-1945 жылдар аралығында республика әскери комисариаттары 1200 мың адамды әскер қатарына шақырды. Отан -ананың басына ауыр күн туғанда, қасық қаны қалғанша жан аямай күресіп, жаудың аяғын туған жердің сынық сүйем топырағын да басқызбау үшін, Қазақстанның түпкір –түпкірінен қан майданға қаншама қыз- жігіттеріміз аттанды.
--- Міне сол аға- апаларымыздың рухына бас иіп, бір минутық үнсіздік жариялаймыз.
Алғашқы Құттықтау сөз аудан әкімі Нуржан Тілеужанұлына , Үржар ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Рысхан Жагыпаровнаға сөз кезегі беріледі.
- Серік Ерасылды «Ел тірегі» әнімен ортаға шақырамыз.
ІІ. Келдімұрат елді мекенінен Отан қорғау жолында адалдық танытып өз міндеттерін абыроймен орындау үшін соғысқа аттанған ауылдастарымыз да аз емес.
Олар: Махтеев Иван Емельянович, Сүлейменов Сыдық, Темірбаев Көбен, Абышев Сембай, Толстонов Иван Васильович, Жумадилов Бақты, Левченко Павел Тимифеевич, Мырзаканов Сексенбай, Сериков Омар, Панковец Михайл тағы басқа жерлестеріміздің есімдері ескерткіш тақтасына мәңгілікке ойылып жазылған. Біз жас ұрпақ әрқайсысының жасаған ерлігіне бас иіп, тағзым етеміз..
-- Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Адам ерлік жасауды жоспарламайды, ерлікті туғызатын сәт болады» деген екен Ендеше Көзсіз ерліктің үлгісін көрсеткен жерлесіміз Левченко Павел Тимофеевичке арналған ескерткіш тақтаның ашылуына кезек беріліп, гүл шоқтары қойылсын. ------
ІІІ. Құрметті ауыластар Павел Тимифеевичке арналған ескерткіш тақтаның ашылуы біз үшін үлкен бір қуаныш, үлкен бір мәртебе деп түсінеміз.
Левченко Павел Тимофеевич 22.04.1912 ж Благодарное селосында дүниеге келді. 1942 ж тұтқынға түсті. 1943 ж 02.сәуір күні Норвегия жерінде қаза тапты. Немерелері мен шөберелері туған жері Келдімұрат ауылына ескерткіш тақта орнатты.
Сөз кезегі Павел Тимофеевичтің немерелеріне, Ауыл әкімі Адаев Мұрат Имашұлына, Мектеп директоры Жумакулов Жайық Елеукановичке беріледі.
«Смуглянка» орындайтын Исмайлов Роллан және «Әдемі- ау» әжелер ансамблі
III «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» деп дауылпаз ақын Қасым Аманжолов айтқандай біз отандастарымыздың майдан даласы мен тылдағы жанқиярлық еңбектерінің арқасында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт,тыныш заманда өмір сүріп отырған бақытты ұрпақпыз.
Ата –бабаларымыз «ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен»жаудан қорғап кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлан-байтақ жеріміз бар.
Қазақстан бүгінде әлемдегі алыс жақын елдермен терезесі теңестірген ел. Отанымызды Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясаты арқылы бүкіл әлем мойындады. Осындай тәуелсіз бейбіт күнге жету жолында қаншама қан төгілгенін, қаншама отандастарымыздың құрбан болғанын есімізден бір сәт те шығармаймыз. Ешкім де еш нәрсе де ұмытылмайды. Бұл - соғыс қасіретінің сабағы. Бұл- бейбітшілік сүйген халықтардың қалауы, бұл төгілген қан мен көз жасының көкіректерде тұнған мұңы мен сыры, ұрпақтарға ұлағат.----------
Құрметті қонақтар, ауылдастар! Осымен салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын.