"Жігіт сұлтаны- 2025 байқауы » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2025

"Жігіт сұлтаны- 2025 байқауы

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ- сі 
Жүргізіші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Қазақ жігіттері» сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.
2 – жүргізуші
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық,
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық. Деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.

І. «Мен қазақтың баласымын» таныстыру сайысы.Үміткерлер өздерін көркем сөз , көрініс, бейнетаспа түрінде т.б таныстырады.(3-5минут)
ІІ. «Жігітке жеті өнер де аз» сайысы (7-минут) Жігіт сыны байқауына қатысушы үміткерлер өз өнерлерін көрсетеді. Қабілеті , дарыны мен икемділігіне байланысты өз қолынан келетін ән, би, күй, пародия т.б өнерлерін ортаға салады
ІІІ. «Білекті мыңды жығар, спорттық жаттығулар» жігіттер қол күрес, кір тасын көтеру т.б сол сияқты күш сынасады.
ІV. «Жігіттің сырбазы» сайысы. Кез-келген уақытта өзінің маңызы мен мәнін жоймайтын, қазақ жігітінің сымбатын танытатын, Қазіргі заманға сай киім үлгілерін таныстыру бөлімі
ІV. «Білгенге маржан» сайысы.Жігіттердің ақылы мен білімін сынға салу, қазақтың салт-дәстүрлері мен тұтынған заттары туралы сұрақтарға көркем, әдеби тілмен жауап беру.
1 – жүргізуші «Қазақ жігіттері» байқауына қатысуышы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне ,қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
1 – сайыс
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға
І. «Мен қазақтың баласымын» таныстыру сайысы.Үміткерлер өздерін көркем сөз , көрініс, бейнетаспа түрінде т.б таныстырады.(3-5минут)
Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.

2- сайыс
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.
«Жігітке жеті өнер де аз» сайысы (7-минут) Жігіт сыны байқауына қатысушы үміткерлер өз өнерлерін көрсетеді. Қабілеті , дарыны мен икемділігіне байланысты өз қолынан келетін ән, би, күй, пародия т.б өнерлерін ортаға салу.
3 - сайыс
Әй , ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер жігіт
Мергендігіңді көрсет, ер жігіт! - дей келе «Білекті мыңды жығар» ,« Спорт түрлерінен сайыс»
Гантел көтеру, қол күрестіру, асық ату, аджимания жасау.
4 - сайыс
Ей, тәкаппар дүние
Бізгеде бір қарашы
Танимысың сен бізді
Біз қазақтың баласы деп «Жігіттің сырбазы» сайысы. Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің кез-келген уақытта өзінің маңызы мен мәнін жоймайтындығын, қазақ жігітінің сымбатын танытатын бірден –бір нышан екендігін дәлелдеу. Қазіргі заманға сай киім үлгілерінде ұлттық ерекшеліктеріміздің элементін танытуға болатындығын дәлелдеу.
5 - сайыс
Жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты анықтар
Осы сыннан өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде қуана бер күлімдей деп «Білгенге маржан» сайысы.
«Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап беру
Салт - дәстүр бойынша сұрақтарын таңдап алыңыздар

1.Жеті атаңызды атаңыз
2. Жеті қазынаға нелер жатады?
3. Үш ұғымына байланысты
Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз
4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?

«Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.
1. Ағайын алтау, ана......(біреу)
2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)
3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)
4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)
5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің
6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)
7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Марапаттау кезеңі:
1.Бас жүлде –«Мектеп Сұлтаны -2025»
2.«Дарынды жігіт»
3.«Сері жігіт»
4.«Өнерпаз жігіт»
5.«Алғыр жігіт»