"Мектепке жол" акциясы -2022 жыл » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
август
2022

"Мектепке жол" акциясы -2022 жыл

"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық"📚🛍💼
Абай облысы, Үржар ауданы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі жыл сайынғы «Мек­тепке жол» республикалық ак­циясының басталуын жариялайды. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына кө­мек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен, киіммен қамтылады, де­меу­шілік көмектер көрсетіледі. Сонымен қатар биыл акция аясында білім беру ұйым­дары тамыз-қыркүйек айларында бірқатар іс-шараларды ұйымдастыратын болады. Әрбір елді мекенде, фермаларда «тәуекел тобындағы» (қада­ғалаусыз және панасыз балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар т.б.) балаларды анықтау үшін рейд жүргізіледі. Рейдтердің қоры­тындысы бойынша «тәуекел тобындағы» отбасылардан шыққан және әлеуметтік көмек­ке мұқтаж бала­лардың персо­налды тізімдері жасалып, білім беру ұйымдарына және де­меушілерге беріледі. Акция аясында білім беру ұйым­дарын­да сенім телефондары мен қо­ғам­дық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйым­дас­тырылады. "Мек­тепке жол» акциясы 30 қыркүйек­ке дейін жалғасады жә­не оған белсенді қатысуға мүм­кін­дік бар.