Мектеп Президентінің сайлауы туралы ақпарат » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2025

Мектеп Президентінің сайлауы туралы ақпарат





Мектеп Парламенті Президенті сайлауының өтуі туралы


2025 жылдың 19 қазанында "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-де  Мектеп Парламенті Президентінің сайлауы өткізілді.

Сайлау үгіт-насихат кезеңінен кейін әділ әрі ашық түрде ұйымдастырылды.  

9–10 сынып оқушылары арасынан 4кандидат қатысып, өз бағдарламаларын таныстырды.  Олар 10 “А” сынып оқушылары: Ибраева Еркеназ, Тарбағатай Талант, Тоқтарбек Али, Хасенова Асем. Кандидаттар мектеп өмірін жақсартуға арналған ұсыныстарын ортаға салды.  

Сайлау жасырын дауыс беру арқылы өтті. Барлық оқушылар белсенділік танытып,  

арнайы дайындалған жәшікке бюллетеньдер салды.  

Дауыс санау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үміткер 10 “А” сынып оқушысы Хасенова Асем Президент болып сайланды.

Жаңа Президентке арнайы куәлік табысталып, оның жұмысы алдағы оқу жылында басталатыны жарияланды.

Іс-шара оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыруға, жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға ықпал етті.


Мектеп тәлімгері:   А.С.Ибраева