Жалпы ата-аналар жиналысы » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
26
November
2019

Жалпы ата-аналар жиналысы

“Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі»КММ
Жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы
Күні 17.09.2019.

Күн тәртібінде
1.Open budget 9 ай бойынша мектеп қаражатының жұмсалуы.
Жауапты мектеп директоры Ж.Е.Жумакулов
2.«Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы.
Жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ж.Б. Саметекова
3. Мектеп асханасындағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы.
Әлеуметтік педагог Қ.С.Құнанбаев
3.Әртүрлі мәселелер
Жалпы ата-аналар жиналысын мектеп директоры Жайк Елеуканулы Жумакулов ашып, күн тәртібіндегі мәселермен таныстырып өтті.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз кезегін мектеп директоры Жайық Елеуқанұлы алып 9 ай бойынша мектеп қаражатының жұмсалуы туралы есеп беріп өтті.
Жалпы мұғалімдердің еңбек ақысы 78,862 теңге, кіші қызметкерлердің еңбек ақысы 16.626000 теңге, әлеуметтік салық 4,808000, әлеуметтік аударылым 2898000теңге, медициналық сақтандыруға 1436000, көмірге 5875000 теңгеге 470 тонна көмір түсірілді, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 450,000 ,электр энергияға 836000 теңге, байланыс қызметіне 64000,
Ғаламтор желісіне 48000, азқамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 1806000, сүтке 220064, банктік қызметке 230000, жылу қазандығына 6194 бөлінді. Көп бала,көпбалалы азқамтылған, азқамтылған отбасы балаларынна мектеп формасына 1615000 теңге қаражат аударылды. Мектеп басышысы тоғыз айдың қорытындысы бойынша игерілмей қалған қаражат жоқтығын , толығымен уақытында игеріліп отырғаны жайында баяндап өтті.
Тыңдалынды Сөз кезегін директордың тәрбие імінің орынбасары Жанар Бейсеновна алып «Рухани –адамгершілік және азаматтық-патриоттық контекстіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жалпы ережелерімен мақсат, міндетерімен таныстыра келе 2018-2019 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстардың есебін беріп өтті. « Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерінің өз шығармашылығымен жасалынған мектеп қабырғасында атқарылған іс-шаралардың топтамасынан слайд-шоу көрсетілді.
Тыңдалынды: мектептегі ыстық тамақты ұйымдасытыру бойынша әлеуметтік педогог Қайнар Слямғазыұлы сөз алып ыстық тамақтың ұйымдастырылуы жайында баяндап өтті. Мектептің асханасы 120 орындық. Жалпы мектеп бойынша 74 оқушы/ азқамтылған, көпбалалы, жартылай жетім отбасы/ тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бастауыш сыныптың 48 оқушысы аптасына 5 рет ішеді. Асханадағы қосымша қордағы сақталатын тамақтар қоймасы талапқа сай, асхандағы барлық қызметкерлер медициналық тексеруден өткен, меню ілінген, брокеражды журнал басталған, тамақтың сапасын бақылайтын комиссия мүшелері бекітілген, қолданылатын ыдыс-аяқтар гигеналық талапқа сай, балаларға толығымен жетеді.
Әртүрлі мәселе бойынша мектеп директоры ата-аналарға оқушылардың себепсіз сабақты босатпауын, кешкілік уақытта ата-анасыз бейсауыт жүрудің алдын –алу, кешкілік уақытта өздерімен бірге тойға апармауды ескертіп айтты. Биылғы жылы мектептің жылу қазандығы жаңартылып, бүгінгі күні қысқы мерзімге дайын, оқушылардың мектеп формасын сақталуына ата-ана тарапынан қадағалауын ескертті. Ұялы телефонды мектепке әкелмеу, орнымен пайдалану керектігін айтйп өтті.
Жиналысқа қарлаған мәселелерді қорытындылай келе төмендегідей шешім шығарылды.
Шешім
1.Мектеп қаражатының жұмсалуы қамқоршылық кеңес мүшелерінің келісімімен жұмсалуы қадағлансын.
2. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы қанағаттанарлық деп есептелініп, жандандырылысын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама назарға алынсын.
3. Мектептегі азқамтылған, көп балалы , жартылай жетім отбасы балаларынан 74 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету назарға алынсын.
Жиналыс басшысы: Ж.Е. Жумакулов
Хатшы: Сакабаева А.Д.
Теги:
Anti-corruption