Буллингтен қорған. Қауіпсіздік сабағы » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
17
февраль
2025

Буллингтен қорған. Қауіпсіздік сабағы

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ - сі "Буллингтен қорған" атты қауіпсіздік сабақтары өтті. Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей ақпараттар берілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыйластыққа, бір - бірін қолдауға тәрбиелеу. Мектепте буллинг пен кибербуллнгтің алдын алу, болдырмау, болған жағдайда себептерін анықтап, алдын алу жұмыстарын жандандыру.
Осы мақсатта 7"А" сыныбында қауіпсіздік сабағы өтті.
Сынып жетекшісі Р.М. Хасенова
Тәрбие орынбасары: Н.Б. Жаркынбаев
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай.
Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.
Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері).
Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану.
Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер.
Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау.
Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде электронды пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану.
Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы бірдеңе, әсіресе ақша беру талабы.