Буллингтен қорған тәрбие сағаты » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
12
февраль
2025

Буллингтен қорған тәрбие сағаты

2025 жылы 11 ақпан күні 8 "А" сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларды буллингтің мәні мен оның салдарымен таныстыру, оларға буллинг жағдайларында өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру, сондай-ақ мектепте қауіпсіз және қолайлы орта құруға ықпал ету болды. Schoolchildren буллингтің психологиялық, физикалық және кибербуллинг түрлері түсіндіріліп, оның құрбандарына қандай зиян тигізетіні жайлы айтылды. Сабақ барысында оқушылар буллингтен қорғаудың тиімді әдістерімен танысып, жағдайға қалай дұрыс әрекет ету керектігін талқылады. Бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығы мен досқа көмектесудің жолдары айтылып, оқушылардың өзара түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас орнатуы мақсат етілді. Талқылау барысында оқушылар өмірден алынған мысалдармен бөлісіп, дөрекілік көрсететін адамдармен өзін қалай ұстау керектігі туралы өз ойларын ортаға салды. Оқушылар топпен жұмыс жасап, сыныптың негізгі ережелерін жазды. Сынып жетекшісі: Садвакасова Гульмира Адильбековна
@bilim_bolimi_maqanshy
@maqanshy_audany_akimdigi
@abai_bilim_basqarmasy
#буллингтенқорған
#буллингкеқарсымыз
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Мақаншы

Похожие публикации:

26 November 2019 Білім күні