"Абай әлемі" атты сурет және коллаж байқауының қорытындысы » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
17
февраль
2020

"Абай әлемі" атты сурет және коллаж байқауының қорытындысы

Мектебімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай әлемі» атты сурет және коллаж байқауы өтті. Оған 5-11 сыныптар қатысты. Оқушылар мен сыныптардың шығармашылық жұмыстары қазылар тарапынан сараланып, қорытындысы шығарылды. Атап айтқанда, 6 «А» сынып оқушылары Мамажанов Біржан мен Хасенов Әлинұр «Шебер суретші», 5 «А» сынып оқушылары Шакиртов Райымбек пен Мақсұтқан Елдос, 5 «Б» сынып оқушысы Сапарғалиева Жаннұр «Жас суретші» бағамымен марапатталды.
Коллаж байқауының қорытындысы бойынша 9 «Б» сынып пен 6 «Б» сынып «Best коллаж» номинациясын иеленді. «Шығармашыл», «Талғампаз», «Ізденімпаз» номинацияларын қалған сыныптар өзара бөлісті.