14
April
2017
"Білімді ұрпақ -тәуелсіздік тірегі" атты оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ
2016-2017 оқу жылында өткізілген
оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы туралы
ХАБАРЛАМА
2016-2017 оқу жылында өткізілген
оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы туралы
ХАБАРЛАМА
Мектебімізде 12 сәуір дүниежүзілік ғарыш күніне орай «Білімді ұрпақ-тәуелсіздік тірегі» атты оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция мақсаты - оқушылардың шығармашылық, танымдық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге баулый отырып, ғылымды сүюге тәрбиелеу, өз ортасында өзгелерге үлгі көрсете алуына ықпал ету болып табылады.
Конференцияны ұйымдастырып өткізген әдіскер – оқу ісінің меңгерушісі Омирова Бибігүл Азатқазықызы мен шығармашылық топ жетекшісі, физика пәні мұғалімі Тойшубекова Күміс Қапашқызы.
Конференция барысында 3 «Б» сынып оқушысы Құсайынов Қайсар (жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Т.С.Садвакасова) «Төрт түлік малдың қазақ халқының өміріндегі маңызы» атты баяндама оқып, өзінің айналысып жүрген шығармашылық жұмысымен таныстырды. Қайсар өз жұмысында төрт түлік малдың ерекшеліктеріне, қасиеттеріне, пайдасы мен қолданылу аясына тоқталып, халық тұрмысындағы төрт түлік малдың маңыздылығын түсіндірді.
8 «А» сынып оқушысы Айдарбеков Жақсылық (жетекшісі – география пәні мұғалімі А.К.Чаганова) «Ауылым – алтын бесігім» атты баяндама оқып, зерттеп жүрген ғылыми жұмысының барысымен таныстырды. Жақсылық зерттеу жұмысы аясында Келдімұрат ауылының тарихын, фаунасы мен флорасын, герографиялық ерешеліктерін атап көрсетті.
Конференция аясында 7-9 сынып оқушылары арасынан зерттеушілікпен айналысып жүрген дарынды оқушыларымыз өздерінің ғылыми іс-тәжірибелерін көрсетті.
Тәжірибелік жұмыстарын ұсынған оқушыларымыз – Бейсенова Аяжан, Айдарбеков Жақсылық, Нәдірбай Ажар, Берлікенова Аружан, Ахметова Жанель, Есенбаева Анель сарапшылар тарапынан бағаланып, арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.