ерте жүктіліктің алдын алу » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
27
November
2019

ерте жүктіліктің алдын алу

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі»КММ «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын –алу және жыныстық тәрбие»

Оқушылар арасында гигиеналық білім мен дағдыларды қалыптастыру, оқушылар мен ата-аналарды ерте жүктілікпен байланысты қауіптермен таныстыру және жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында мектебізде 7-11 сыныптар аралығында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын –алу және жыныстық тәрбие» ашық әңгіме сабақ өткізілді. Ашық әңгімеге ауылдық емхананың бас дәрігері Букашин Кенжебек Мағауянұлы, ауылдық учакелік инспектор Оспанов Е.М. мектеп медбикесі Мункенова А.Қ. мектеп психологы Дуйсенбаева Ж.О. қамқоршылық кеңестің төрайымы Құржықаева Б.Т, ата-аналар мен 7-11 сынып қыздары қамтылды.
Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саметекова Ж.Б. жүргізді.
Мектеп психологы Ж.О.Дуйсембаева «Мектептегі қыз бала тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқып, «ерте дүктіліктің алдын алу» туралы слайд көрсетіп, ата-аналармен қыз бала тәрбиесі жөнінде пікір алмасты
Кенжебек Мағауянұлы ата-аналар мен оқушыларға қалаусыз жүктіліктің медициналық тұрғыдан алдын-алу, оқушылар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау, жыныстық дамуының негізгі кезеңдері, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің салдарынан бастан кешіретін қиындықтар және физикалық күтімнің ерекшеліктері туралы тұсінік жұмыстарын жүргізді.
Ауылдық учаскелік инспектор Оспанов Е. М. әкімшілік құқықбұзушылық бойынша аудан көлеміндегі жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайларға тоқтала келе ата-аналарға құқықтық сауаттылық жайында білімдерін жетілдірді.
Мектеп медбикесі Мункенова А.Қ. оқушылар арасындағы жеке бас гигиеналарына тоқтала келе ата-аналарға қыз балалармен ашық әңгіме жүргізуге кеңес берді.
Іс-шара барысында адам бойындағы адамгершілік құндылықтар,оқушылардың әлеуметтік-гигиеналық, отбасылық және адамгершілігін тәрбиелеу, жыныстық дамуының негізгі кезеңдері жайында кеңінен түсінік алды.


Мектеп директоры: Ж.Е. Жумакулов