29
January
2018
«Рухани жаңғыру: ұрпақтар игілігінде»
19 қаңтар 2018 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде «Рухани жаңғыру: ұрпақтар игілігінде» атты дебат пікір- сайыс сабағы өтті. Дебатқа 7-11 сынып оқушыларынан 4 топ қатысты.
Дебаттың негізгі мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 12 сәуір 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, пікір- сайыс арқылы мақаланың мәнін оқушыларға жеткізу. Сананың жаңғыруын алғашқы орынға қоя отырып, латын алфавитіне көшудің еліміз үшін саяси- экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын атап өту. Дебатқа қатысқан оқушылар негізгі дерек көздерін келтіре отырып өздерінің білімділіктерін таныта білді.
Дебаттың сарапшылар тобына тәлімгер Нұржан Бейсенбекұлы, тарих пәнінің мұғалімі Жұмажан Мұхамежанұлы және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Амина Қимадиқызы отырды. Сарапшылар тобының қорытындысы бойынша «Best спикер» бағамын және арнайы кубокты 9 «А» сынып оқушысы Айдарбеков Жақсылық жеңіп алды. Жақсылықтың айтқан ойлары жиналғандардың көңілінен шығып отырды.
Дебаттың өтуіне ат салысқан мектебіміздің түлегі Тұрғалиева Сымбат Аянқызы. Сымбат бүгінде Семей қаласындағы Қазақ инновациялық- гуманитарлық заң университетінің студенті. Сонымен қатар Сымбат оқушылармен дебат сайысының өту әдістері мен маңыздылығын айтып берді.
Қорыта келгенде латын алфавитін қабылдау, еліміздегі рухани жаңғыру шаралары мемлекетіміздің эволюциялық дамуының бір көрінісі екенін дәлелдейді.