Хаттама 08.11.2022 жыл » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2022

Хаттама 08.11.2022 жыл

idn-bajtursyn-hattama-2022.pdf [281,38 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: idn-bajtursyn-hattama-2022.pdf «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ- сі Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген жалпы оқушылар жиналысы хаттама №2 (2022-2023 оқу жылы) Күні: 09.11.2022 жыл. Басталуы: 11          Сыныбы: 5-11 сынып оқушылары Жиналыс төрағасы: тәрбие ісінің меңгерушісі Жаркынбаев Нуржан Бейсенбекович Қатысқандар: 133 Қатыспағандары: жоқ Күн тәртібінде: «Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандадың құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау, қылмыстың алдын алу» атты баяндама. Баяндамашы: Мақаншы ауылдық кәмелет жасқа толмағандар істер жөніндегі учаскелік полицей капитаны Бейсканов Дастан Шарипканович Мақаншы ауылдық кәмелет жасқа толмағандар істер жөніндегі учаскелік полицей капитаны Нурмухаметова Назым Токтарбековна Буллинг және кибербуллингке қарсы іс- әрекеттер туралы. Баяндамашы: учаскелік полицейі Чигаев Еркін Серікұлы 3.      Көкпар ойыны және оның ережесі мен қауіптілігі. Баяндама: тәрбие ісі меңгерушісі Жаркынбаев Нуржан Бейсенбекович Тыңдалды: 1-мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы кәмелет жасқа толмағандар істер жөніндегі учаскелік полицей капитаны Бейсканов Дастан Шарипканович сөйлеген сөзі. Сәлеметсіздер ме құрметті «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ –нің оқушылары . Қылмыстың алдын алуда аудан көлемінде көптеген істер атқрылып келеді. Ауданымызда ұрлық, ерте жүктіліктер, бопсалау қылмыстары орын алуда. Оқушылар сабақтан себепсіз қалады.Ауданда жасөспірімдер арасында қылмыс 5 пайызға өскендігі байқалды. Құқықбұзушылықтар көбінесе түнде жасалады. Түнде бейсауыт көшеде жүруге болмайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің №442 бабында балалар ата- анасыз сағат түнгі түнгі 9-00 ден кейін жүруге тиым салынған. Түнгі сағат 9-00 ден кейін бала жаңғыз жүруге болмайды. Ата- анасымен немесе қамқоршысымен жүруі керек. Сонымен қатар жасөспірімдерді интернет жүйесіндегі ойындар да қатыгездікке тәрбиелеуде. Тик- ток, фри-файер ойыны. Интернет желісіндегі «синий кит» «дон-ки-ход» ойындары өте қауіпті ойындар қатарында. Баланы өзіне қаратып алып, әр түрлі іс- әрекеттержасауға мәжбүрлейді. Сондықтан интернет жүйесін қолданғанда өте сақ болу керек. Телефонға ата- ана бақылауы орнатылуы керек деп есептеймін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің № 127 бабы. Ата – ана міндетін орындамау. Ата- ана баласын мектепке оқуға жіберуге жауапты. Ата- ана баласын мектепке жібермесе ата-анаға айыппұл қаралған. Себепсізден себепсіз оқушылар сабақты босатпауы керек. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің № 434 бабында ұсақ бұзақылықтар туралы айтылған. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жасау 434 бабында  жазылған. Осындай әрекеттер жасалса бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Сондақтан да оқушылар қоғамдық орындарда, үй жайларда тәртіп бұзушыллыққа жол бермеулеріңізді сұраймыз. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің №608 бабы Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –  он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің №608 бабы бойынша оқушыларда көлік жүргізу куәлігі болмағаннан кейін автокөлік жүргізуге тиым салынады. Жол жүру кезінде де балалар оқыс оқиғаға тап болып жатады. Бағдаршамды елемейді, жол белгілерін білмейді. Жолда қауіпсіздік ременін тақпайды, көлікке жол бермейді, құлаққаппен жүреді. Әкесінің немесе туысының көлігін заңсыз айдап кетіп, жол көлік оқиғасына тап болып жатады. Сондақтанда оқушылар бөтеннің мүлкіне қол сұқпаңыздар. Жүргізішінің куілігін алмайынша авто көлікті, мотоциклді, тракторды жүргізуге қатаң түрде тыйым саламын. Автокөлік жүргізген оқушаларды орындарынан тұрғызып ескерту жасалды. Рақымжанов Тимур 8 сынып Керимхан Толсынай 7 сынып оқушысы 1-мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы кәмелет жасқа толмағандар істер жөніндегі учаскелік полицей капитаны Нурмухаметова Назым Токтарбековнаның сөйлеген сөзі. Сәлеметсіздер ме оқушылар! Қыздар арасында селфи жасап басын қатарге тігіп, өмірі мен денсаулығына зиян келтіпір жатқан жасөспірімдер бар. Лайк жинауды мақтан көреді. Осындай құқықбұзушылықтан сақ болыңыздар демекпіз. Оқушылар мектеп формасын қатаң түрде сақтасын. Тырнақ өсіруге, шаш бояуға тыйым салынады. Ұлдар арасында бопсалау, әлімжетік көрсету анықталса 3-5 жыл бас бостандығынан айыру көзделген. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында интернет алаяқтарына алданып қалу көптеп кездесуде. Алаяқтар заказ аламыз деп, кредит жасаймыз деп, курсқа жазылу деп алдап кетіп жатыр. Белгісіз сайттарға, курстарға жазылуға болмайды. Интернеттен танысуға тыйым салынады. Телефон арқылы өзіңіздің мағұлматтарыңызда таратпаңыздар. Мектеп қабырғасында смартфон ұстауға қатаң тиым салынған. Балалар смартфонды қалай ұстау керек екенін білмейді, әлеуметтік желіде ашық ақпараттар жариялайды. Сөйтіп алаяқтардың құрбанына айналып қалуы мүмкін. Балалар мектеп қабырғасында ішкі тәртіпті, мектеп фомасын сақтауды талап етеміз. Шаш үлгісі , қыздардың жүріс- тұрысы туралы айтылды. Оқушылардың сабақ уақытында мешітке барып, намазға қатысуына болмайды. Намаз уақытында сабақтан босатылмасын. Ораза ұстау да баланың денсаулығына кері әсер беруі мүмкін. Балаларға ораза ұстау міндетті мемес. Ерте жастан жүкті болып қалғандар бар. Себебі қыздар ата- анамен сырласпайды. Балада қызығушылықтар болады. Жігітпен жүргенді мақтан көретін қыздар да бар. Еліктеулер, азғырулар салдарынан жасөспірімдер осындай жағдайға тап болып жатады. Сондықтанда бір- біріңмен бәсекелес болып, жігітпен жүруді тоқтату керек. 2-мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы учаскелік полицей Чигаев Еркін Серікұлының сөйлеген сөзі. Еркін Серікұлы буллинг, кибербуллинг туралы ескертті. Қорлау (буллинг) мыналар болуы: Қарым-қатынаста-жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарды жасыру, қорқыту әрекеттері). • Физикалық - біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану. • Жыныстық қатынас - қалаусыз физикалық байланыс итермелеу немесе жыныстық қорлайтын пікірлер айту. • Вербальды – ат қою, қауесет, мазақтау. • Кибербуллинг–Интернеттің барлық салаларында, соның ішінде электрондық пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану • Экономикалық/материалдық буллинг–бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау, мысалы, күш қолдану және/ немесе қорқыту арқылы бірдеңе, әсіресе ақша беру талабы. Қорлауға (буллингке) әсеретудің маңызы неде? Қорлау ауыртпалық тудырады. • Балаларға жағымсыз әсері болады –физикалық және эмоционалды. • Ешкім де қорлаудың құрбаны болуға лайық емес. • Әркімнің өз ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге құқығы бар. 3-мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы тәрбие ісі меңгерушісі Жаркынбаев Нуржан Бейсенбековичтің сөйлеген сөзі. Құрметті оқушылар қазір еліміз бойынша көкпар ойыны жолға қойылғанын білеміз. Балалар көкпарға қызығып, ойынға араласып кетіп жатқан жайлары да бар. Алайда көкпар ойынын қанаты қатайған, буыны бекіген, шабандоз жігіттер тартады. Онда да барлық қауіпсіздік ескеріледі. Ол жерде арнайы төрешілер болады, алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Ал бізде ондай қауіпсіздіктер ескерлімейді. Ешкім же жауапкершілікті мойнына алмайды. Сондықтанда оқушылар бұл ойынға қатысуға болмайды. Себебі сіздер арнайы жаттығудан өтпегенсіздер. Қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды. Көкпар ойыны ең қауіпті ойын болған соң, жарақатта алу да жиі болады. Аттан құлайды, ат сүрінеді, ат таптап кетуі мүмкін. Қатты авто жолдың үстінде де тартып жүргендер бар. Сондықтан да мектебіміз көкпар ойынына қарсы, оқушылардың көкпар тартуына қатаң түрде тиым салады. Көкпарға бейім оқушыларды тұрғызып, арнайы ескерту жасалды: Слям Адай 11 сынып Оразғалиев Темірлан 11 сынып Тоқтарбеков Нұралы 10 сынып Айдарбек Тілек 9 сынып Хасенов Ералы 9 сынып Жасұланұлы Балғын 9 сынып ШЕШІМ: Жасөспірімдер арасында «Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандадың құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау, қылмыстың алдын алу жұмыстары басты назарға алынсын. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекісінің №442: 127; 434; 608 баптары жасөспірімдерге түсіндірілсін. Буллинг және кибербуллингке қарсы іс- әрекеттер жандандырылсын. Жасөспірімдер тарапынан жауапкершілік күшейтілсін. Көкпар ойынының бала өміріне қауіптілігі ескеріліп оқушылардың көкпар ойынына қатысуына қатаң түрде тиым салынсын. Бала өмірінің қауіпсіздігі басты назарға алынсын. Мектеп әкімшілігінің тарапынан ескертілген ескертпелері басшылыққа алынсын. 1.Уучаскелік полицей капитаны: Д. Ш. Бейсканов 2. Учаскелік полицей капитаны: Н. Т. Нурмухаметова Уаскелік полицейі: Е. С. Чигаев Мектеп директоры: Ж.Е. Жумакулов Тәрбие ісі меңгерушісі: Н.Б. Жаркынбаев