«Энергияның жаңартылған көздері» » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2018

«Энергияның жаңартылған көздері»

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде 9- 11 сыныптар аралығында тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында 10 сыныптың жетекшісі Н.Б. Жарқынбаев оқушыларға «ЭКСПО-2017» көрмесінің тарихы мен Астана қаласында өткен көрме туралы әңгімелеп берді. Оқушылар Халықаралық көрмен бюросының еліміз ұсынған «Болашақ қуат» тақырыбына қызығушылығы артып, 104 дауыс жинап, көрмені жаңіп алғанынан хабардар болды.
9 «А» сыныбының жетекшісі Н.Б. Тауетова «энергияның» адам баласының өмірінде алатын орнын түсіндірді. Бүгінгі күні тек қана энергия көзі газ, көмір, мұнай екендігін айтты.
11 «А» сыныбының жетекшісі Р.Қ.Омирова «ЭКСПО-2017» көрмесінін алған әсерлерімен бөлісті. «Нұр Әлем» павилоны соңғы үлгідегі технологиямен жасалғанын жеткізді.
Топтық жұмыс барысында 9 «А»сыныбы «Күн энергиясын», 10 «А» сыныбы «Жел энергиясын», 11 «А» сыныбы «Су энергиясын» қорғады. Оқушылар өздері таңдаған энергия көздерінің алыну жолдарын, бүгінгі күні елімізде қолданылуын, мемлекетімізге қаншалықты пайда келтіретінін қорғай білді.
Қорыта келгенде оқушылар «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын түсініп, жаңа энергия көздерінің азамзатқа қаншалықты пайдасы бар екендігіне көздері жетті.
«Энергияның жаңартылған көздері»
«Энергияның жаңартылған көздері»
«Энергияның жаңартылған көздері»
«Энергияның жаңартылған көздері»