1 наурыз «Алғыс айту күніне» атқарылған шаралар туралы мәлімет. » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2018

1 наурыз «Алғыс айту күніне» атқарылған шаралар туралы мәлімет.

1 наурыз күні мектебімізде «Алғыс айту күні» аталып өтілді. Алғыс айту күнінің ерекшелігі сол бұл күн мектебімізде үлкен мәні бар ерекше мереке деп аталып өтілді. Себебі «Алғыс айту күні» еліміздің татулығы мен бейбітшілігін сақтауда және де еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда орны ерекше.
Алғыс айту күні мектебімізде оқушылар мен қызметкерлердің бір- біріне алғыс айтуынан басталды.
Мектеп директоры Жумакулов Жайық Елеуханұлы мектеп жиынында оқушылар мен ұстаздарды, кіші кызметкерлерді мерекелерімен құттықтады.
Сонымен қатар сағат 11:00- де мектебіміздің акт залында «Мен алғыс айтамын!» атты тақырыпта мерекелік концерт өтті. Концертті ұйымдастырушылар тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Б. Саметекова, «Жас Ұлан» оқушылар ұйымы, ауылдық мәдениет үйінің маманы Р.Р. Исмайлов.
Мерекелік концертке ауыл округінің бас маманы Н.Н.Садвакасов, мектеп директоры Ж.Е.Жумакулов және де мектеп ұстаздары қатысып жиналғандарды мерекемен құттықтап, мерекенің маңызын, мәнін түсіндіріп, бірлікке , ынтымаққа шақырды.
Көрермендерге жүргізушілер Айдарбеков Жақсылық пен Бейсенова Аяжан арнайы дайындаған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың видеоролигін көрсетті.Онда Елбасы бұл айтулы мерекенің қалай өмірге келгенін және жұмыс барысында ренжіскен адамдарынан қалай кешірім сұрағаны айтылды және де Қазақстандағы көптеген ұлт өкілдері қазақ халқына ризашылығын білдіріп, рахметін айтқан сөздері көрсетілді.
Мектеп психологі Н.Б. Тауетова 9-10 сыныптардың қатысуымен «Алғыс айту парызым» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында әр ұлттың бір- бірімен қалай амандасатыны және «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір- біріне ризашылық тілектерін айтты.
Мектебіміздің дәлізіне «Өмір ағашы» суреті орналастырылды. «Өмір ағашына» мектептің ұжымы өз тіліктерін жазды.
Мұғалімдермен «Кешірімділік- көңіл кеңдігі» тренинг өткізілді.
Мектеп кітапхансында «Бір шаңырақ астында» шағын кітап көрсесі қойылды.
1-4 сыныптар аралығында «Мейірімді жүрекпен» тақырыбында қол өнер ризашылық көрмесі ұйымдастырылды. Мұқаметжан Анель мен Бекмұратова Сания жасаған қол өнері «Үздік» деп танылылып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қорыта келгенде мектебімізде 1 наурыз «Алғыс айту күні» өз дәрежесінде аталып өтілді.
1 наурыз «Алғыс айту күніне» атқарылған шаралар туралы мәлімет.
1 наурыз «Алғыс айту күніне» атқарылған шаралар туралы мәлімет.
1 наурыз «Алғыс айту күніне» атқарылған шаралар туралы мәлімет.
1 наурыз «Алғыс айту күніне» атқарылған шаралар туралы мәлімет.
1 наурыз «Алғыс айту күніне» атқарылған шаралар туралы мәлімет.