Бракеражды комиссияның № 3 хаттамасы. 2024-2025 оқу жылы
мектеп асханасының жұмысын тексеру туралы
бракераждыкомиссия отырысының хаттамасы. (2024-2025 оқу жылы)
бракераждыкомиссияның төрағасы: Жумакулов
Жайк Елеуканович
Күні: 09 қаңтар 2024 жыл
Басталуы уақыты: сағат 9-00
Хаттама №3
Күн тәртібінде:
1) Мектеп асханасының тамақтану сапасын мониторингтік тексеру қорытындысы.
2)Ас мәзірінің орындалуы, бейсенбі күнгі берілген ас мәзірін ауыстыру туралы
3) Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
1-ші мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаркынбаев Нуржан Бейсенбековичтің сөйлеген сөзі.
“Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мекебі” КММ - нің 7 адамнан тұратын мониторингтік комиссия мүшелері мектеп асханасына тамақтану сапасына тексеріс жүргізді.
2024-2025оқу жылы мектеп асханасынан мектеп есебінен 105оқушы;
1-4 сыныптар аралығында 68оқушы,
5-11 сынаптар аралығындаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы № 64 қаулысы негізінде 30оқушытегін тамақпен қамтылады.
7оқушы арендатор есебінен тамақтанды.Барлығы: 105 оқушы
-Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялыққорытындысыбар.
-Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттарытуралы түсіндірілді.
-Асхананың жұмыс кестесібар, жұмыс жүргізілген.
- Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралықты сақтауталапқа сәйкес келеді, уақыты белгіленген.
- Еркін мәзірге арналып бекітілген прайсбар, бағалар қолжетімді.
-Асханалық аспаптарды дұрыс сақтау (кассеталардың болуы және қасықтарды, шанышқыларды жоғары қаратып сақтау )талапқа сай сақталынған. Сынық ыдыстар жоқ.
-Асхана және ас домыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйіжақсы, ыдыстар жаңа, таңбаланған.
- Жинау мүкәммалы (таңбалау, жеке сақтау орны)туралы ескертілді.
- Ыстық және салқын сумен жабдықтау жүйелерідұрыс. Электроплитаныжаңалау ұсынылады.
- Ас блогының ылғал бөлумен байланысты өндірістік үй-жайларында ылғалдан қорғанышы бар шамдардың болуытуралы ескертілді.
- Температуралық-ылғалдылық режимін сақтаутуралы ескертілді.. Қоймада термометрдің, психометрдің/температуралық режимдібіліп тұратын құрылғылар жетіспейді.
2-ші мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы мектеп мейірбикесі Мункенова Анара Кудайбергеновнаның сөйлеген сөзі.
Сәлеметсіздер ме! Қазіргі күні күнделікті берілетін астың сомасы - 660 теңге болып белгіленді.
Асханада оқушылар төмендегідей тағамдармен қамтылып отыр. Сүтке піскен тары ботқасы, Тауық етінен көже, сиыр еттерінен палау, нан, сары май, ірімшік, көкеніс салаттары, кисель тб.
Сонымен қатар, бейсенбі күнгіге меню бойынша балық фрикалелькиін, сиыр еті фрикаделькиімен жасалған күріш көжеге ауыстыруыды сұраймын. Себебі балық еті білім алушыларға қауіп тудырып отыр.
Асханадаыстық тамақты ұйымдастырушы бракеражды комиссия мүшелері растайтын құжаттармен өтініштерді қарап, ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдады.
БракераждыкомиссияcыШЕШІМетеді:
1)Мектеп асханасының тамақтану сапасын мониторингтік тексеру қорытындысы бойынша негізгі ескертулер басшылыққа алынсын.
2)Күнделікті ас мәзірінің орындалуы бракераждық топтың назарына алынсын.
Бейсенбі күнгіге меню бойынша балық фрикалелькиі көжесін, сиыр еті фрикаделькиімен жасалған күріш көжеге және бидай жармасы көжесіне ауыстырылсын.
3)Асхананың санитариялық жағдайы бақылауға алынсын.
4)Мектеп асханасында күнделікті сомасы 660 теңге болатын екі апталық ас мәзірі қатаң түрде сақталынсын, комиссия тарапынан бақылау жасау жұмыстары жандандырылсын.
5)Еркін мәзірге арналып бекітілген прайсжаңартылсын.
Бракеражды комиссияның төрағасы: Ж.Е. Жумакулов
Попечительский совет төрайымы: А.Н. Найманкулова
Мүшелері Н.Б. Жаркынбаев
А.К. Мункенова
К.С. Кунанбаев
Э.М. Утепова
А.Е. Темирбаева
