13
ноябрь
2024
Ұлдар жиналысының хаттамасы № 1
“Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі” КММ - cі 2024-2025 оқу жылы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген
ұлдар жиналысының хаттамасы №1
Жиналыс төрағасы: директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Жаркынбаев
Күні: 12.11.2024 жыл
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Күн тәртібінде
1.Оқушылардың сырт келбеті, шаш қою үлгісі мен мектеп формасының сақталуы. Алғашқы әскер және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі М.М. Демесинов
2. Құқықбұзушылықтың алдын алу. Баяндама директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Жаркынбаев
3.Мектептің ұлдар белсенділерін тағайындау
Тыңдалды:
1-ші мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы Алғашқы әскер және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Максат Мұратұлы Демесиновтың сөйлеген сөзі:
Сәлеметсіздер ме мектептің ұлдары! Мектептің ұлдары салмақты, сабырлы, иманды, инабатты болуы керек. Болашақ ұрпақ ретінде сіздерден көп дүниелерді талап етеміз. Біріншіден ата бабамыздың қалдырып кеткен ұлттық құндылықтарынан айнымай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді бойымызға дарыта білген жөн. Үлдар заман талабына сай білімді, тәрбиелі, заңды құрметтейтін, біреудің ала жібін аттамайтын азамат болулары керек. Ол үшін ең бірінші ата анамен, ұстаздармен, достарымызбен, айналадағы адамдармен жағымды қарыс қатынас жасай алуымыз керек.
Өкінішке орай мектепте ұлдарға ескертулер айтылып жатады. Әсіресе сабаққа кешігіп келу, мектеп формасын сақтамау, ұстаздармен, айналадағы адамдармен жағымды қарым қатынас орната алмай жатады. Сондықтан да осындай кемшіліктерді жойып, аталған ескертулерді назарға алуды талап етемін.
2-ші мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Жаркынбаев
Баяндама “Құқықбұзушылықтың алдын алу”
Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандардың қылмысын ерте алдын алудың негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу және қолайсыз отбасын декриминализациялау, бұған құқықтық нормаларды жетілдіру және балаларды тәрбиелеудегі азаматтардың жауапкершілігін арттыру шаралары енеді.
3-ші мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Жаркынбаев
Сәлеметііңдер ме оқушылар! Сонымен қатар мектеп ұлдары сабақ үлгерімдері төмендеп кетпеуі керек. Сабақ үлгерімін жақсатруды, басқадай кенкурс, сайыстырға белгене қатысуға шақырамын. Мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында көптеген шаралар қолға алынуда. Шахмат, шашки, тоғыс құталақ, асық атудан спорттық чемпионаттар өтуде. Осындай іс шараларға белсене қатысып, ұлдар белсенділері осы жарыстарды дамытуды талап етемін.
Ұлдар белсенділерін сайлап алсақ.
Ұсыныс бойынша төмендегідей ұлдар тағайындалады. Қолдап, дауыс берулеріңізді сұраймын.
1.Айдарбеков Тілек ұлдар жетекшісі
2.Спорт жетекшісі Болат Жандос
3.Құсманов Нұрасыл
4.Бахтияр Заңғар
5.Мәдениет жетекшісі Шакиртов Райымбек
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Оқушылардың сырт келбеті, шаш қою үлгісі мен мектеп формасының сақталуы назарға алынсын.
4.“Құқықбұзушылықтың алдын алу” атты баяндама оқушылар арасында түсіндірілсін.
5.Жоғарыда аттары аталған оқушылар Мектептің ұлдар белсенділері болып тағайындалсын.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.Б. Жаркынбаев
Алғашқы әскер және технологиялық
дайындық пәнінің мұғалімі: М. М.Демесинов