1-наурыз "Азаматтық" күніне өткізілген іс- шаралар » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
15
март
2022

1-наурыз "Азаматтық" күніне өткізілген іс- шаралар

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ –сі 1 наурыз «Азаматтық күні аталып өтілді. Мектеп оқушылары санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, төтенше жағдайдың алдын алуда дабыл белгісі қағылды.
1 Наурыз күннің тарихы 1931 жылы Женева аймағы қауымдастығы деп аталатын, яғни әлемнің барлық елдерінде жергілікті аймақ қауіпсіздігін құру туралы халықаралық келісімдерге қол қоюмен басталды. Жыл сайын Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні нақты ұранмен аталып өтіледі.
1997 жылғы қазан айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Жарлығына бірігу туралы» заңы қолданысқа енгізілді. Біздің еліміз қызметінің негізгі бағыты мемлекеттердегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және алдын алу саласындағы үкіметтік органдардың үйлестірілуін күшейту болып табылатын халықаралық ұйымның беделді толық құқылы мүшесіне айналды.
Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу әрекетінде мемлекеттің координациясына, оған тұрғындарды дайындауға, мүмкін болатын шұғыл жағдайларға ұлттық төтенше жағдайлар қызметтерін үйлестіруге бағытталған маңызды халықаралық акция болып табылады.

1 Наурыз күні мектептің төтенше жағдай кезінде жалпы дайындығы, Жер сілкісіне байланысты жаттығулары , табиғат апаты сел, дауыл кезінде құтқару жұмыстары туралы білімдері, Улану кезіндегі алғашқы дәрігерлік, Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек туралы оқу – жаттығулары көрсетілді.
Сонымен қатар оқушыларға төмендегідей дәріс берілді.
1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай:
Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел.
Метеорологиялық – боран, бұрқасын, смог, дауыл.
Гидрогеологиялық – су тасқыны, цунами, тайфун.
Табиғи өрттер – ормандық және далалық
Биологиялық – эпидемия, эпизоотия, эпифитотия.
Ғарыштық – астероиттар, каметалар, сәулелену.

2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай:
Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар
Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар
Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар
Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)
Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар
Коммуналды және электр жүйесіндегі апаттар туралы білім алушыларға баяндалды.