"Мектеп аруы - 2025" атты қыздар байқауы » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
28
апрель
2025

"Мектеп аруы - 2025" атты қыздар байқауы

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Шабыт" жобасы аясында "Мектеп аруы - 2025" атты қыздар байқауы ұйымдастырылды.
Қайырлы күн! Армысыздар, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар, әділ-қазы алқалары мен жеңістен үміткер қатысушы аруларымыз!
Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
2.Иә, барша көрермендер мен тақымын қысып отырған жанкүйерлерге де тағы да қайырлы күн дегіміз келеді. Ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатқан «Қыз өссе – елдің көркі» атты «Мектеп Аруы – 2025» байқауына қош келдіңіздер!
1.Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар! – демекші, бүгінгі сайысымыздың басты бейнелері, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, бас бәйгеден үміттеніп бақтарын сынап келген аяулы аруларымызбен танысып, оларды сахна төріне шақырайық.
1.Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғайық
1
2
3
4
5
6
1.Жүргізуші : Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар.

2.Ал енді бүгінгі сайысымызда аруларымыздың өнерін әділ бағалайтын, қара қылды қақ жаратын қазылар алқасымен танысып өтейік:

2.
1
2
3
4

1. Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
2.Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін өлеңмен, әнмен тағы басқа түрде таныстырады.
Ортаға бірінші қатысушыны шақырамыз.
ІІ БӨЛІМ
1.Құрметті көрермендер! Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік. Бұл кезең «Өнер» сайысы

2. . Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі – өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз өнерлерін көрсетуге асығуда. Ендеше ортаға біріншіқатысушы аруды шақырамыз.
1.Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – келесі ару
2.Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады- дей келе келесі ару
1.Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар
ІІІ БӨЛІМ
1.Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» – дегендей, қыздарымыз өнегелі істерді өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
2.Ендеше, үшінші бөлімде қыздарымыз бос уақытында немен айналысатынын көрсетсе дейміз. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Бірінші қатысушыны ортаға шақырамыз. Әділ – қазылардан арулардың әділ бағасын күтеміз. Сөз кезегі аруларға беріледі.
4 БӨЛІМ
1.Құрметті жанкүйерлер! Байқаудың 4 кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түсетін болады.
Әр қатысушыға бір сұрақ қойылады. Бір таратпа қағаз беріледі.
1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан
2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.
3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.

4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.
5.«Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі домшаруасын жүргізуді (домсыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз
5 БӨЛІМ
2.Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
3.2. Сымбатына сән киім жарасатын,
4.Аспандағы айменен таласатын.
Ақ жүзі мен көркіне арулардың,
Барша жандар қызығып қарасатын, — дей келе 4-ші кезең – «Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталады.
Бұл кезеңде аруларымыз өздерінің көркі мен сұлулығын танытып, кішігірім сән көрсетеді.. Қазылар алқасы қатысушылардың сырт-бейнесі мен жүріс-тұрысына баға беретін болады. Егер аруларымыз дайын болса, реттік нөмерлері бойынша ортаға шақырамыз.

Жүргізуші 1: Осымен біздің сайысымыздың кезеңдері аяқталды, қатысушыларымыз өздерін жан-жақты тұстарынан көрсетіп, көрермендерді таңқалдыра білді деген сенімдеміз.
Жүргізуші 2: Ал ендеше бүгінгі сайысымыздың қорытынды шешімін шығару үшін қазылар-алқасына кішкене уақыт берейік, бірақ-та шешім шығару анау айтқан оңайға соқпайтыны анық. Себебі бүгінгі қатысушыларымыздың сұлулықтары да, көрсеткен өнерлері де бірінен-бірі асып тұр.

Жүргізуші 1:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, — демекші, расында да қазақтың аруларына таңдай қағып, қайран қалмасқа амал жоқ емес пе, ендеше қазылар алқасы өз қорытынды шешімдерін шығарғанша сахна төріне Расулды шақырамыз шақырамыз.