09
август
2022
"Мектепке жол" акциясы -2022 жыл
"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық"📚🛍💼
Абай облысы, Үржар ауданы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуын жариялайды. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен, киіммен қамтылады, демеушілік көмектер көрсетіледі. Сонымен қатар биыл акция аясында білім беру ұйымдары тамыз-қыркүйек айларында бірқатар іс-шараларды ұйымдастыратын болады. Әрбір елді мекенде, фермаларда «тәуекел тобындағы» (қадағалаусыз және панасыз балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар т.б.) балаларды анықтау үшін рейд жүргізіледі. Рейдтердің қорытындысы бойынша «тәуекел тобындағы» отбасылардан шыққан және әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың персоналды тізімдері жасалып, білім беру ұйымдарына және демеушілерге беріледі. Акция аясында білім беру ұйымдарында сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылады. "Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады және оған белсенді қатысуға мүмкіндік бар.