Психологиялық –педагогикалық қолдау қызметі » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
ноябрь
2025

Психологиялық –педагогикалық қолдау қызметі

Апталық мақсаты:
Білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық ахуал құру, эмоционалды күйзелістің алдын-алу , балалар, ата-аналар мен педагогтер арасында психологиялық көмек пен қолдауды насихаттау, психологиялық –педагогикалық сүйемелдеу қызметіне сенім қалыптастыру.
Мектеп қауымдастығына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, оқушылардың, ата-аналардың және педагогтердің эмоционалдық саулығын арттыру.
Апталық аясында өткен іс-шаралар:
1. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ашылуы. Үзіліс арасында 5-11 сынып оқушыларына апталықтың мақсаты таныстырылып , оқушыларға, сынып жетекшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2. «Мен және менің көңіл-күйім» атты тренинг 5–11 сынып оқушыларына өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өз көңіл –күйін тану, түсіну және оны реттеу дағдыларын дамыту. Эмоциялық интеллектіні қалыптастыру арқылы ішкі күйді ашық білдіру мен басқаруға үйрету.
Оқушылар өте белсене қатысып , жақсы көңіл кдомқалыптастырды. Түрлі тәтті сыйлар таратылды.
Жауапты: мектеп психологі.
3. Родителям арналған «Эмоциялық қолдау көрсету» тақырыбындағы тренинг.
Мақсаты: Ата-аналардың бала эмоциясын түсіну, қабылдау және қолдау көрсету дағдыларын дамыту. Эмоциялық сауатты қарым-қатынас орнатуға бағыт беру.
Қатысқан ата-ана саны: 5-сынып ата-аналары.
Жауапты: психолог
4. педагогтерге көңілді үзіліс ұйымдастырылды және мұғалімдермен эмоциялық күйзелістің алдын алу бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Жауапты: психолог, әкімшілік.
5. Апталықтың жабылу рәсімі өтті.
«Біз біргеміз» атты флешмоб ұйымдастырылды.
Жауапты: мектеп әкімшілігі, психолог.
Қорытынды:
Апталық сәтті өтті. Оқушылар мен ата-аналар, педагогтер белсенді қатысып, эмоционалдық қолдау, түсінісу мен серіктестік атмосферасы қалыптасты. Әрі қарай да осындай іс-шараларды жүйелі өткізу ұсынылды.