2021-2022 оқу жылын аяқтау туралы жалпы ата- аналар жиналысы. » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2022

2021-2022 оқу жылын аяқтау туралы жалпы ата- аналар жиналысы.

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ – сі
2021-2022 оқу жылы жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы.
Хаттама № 4

Күні : 27 мамыр 2022 жыл
Қатысқандар саны-57
Жиналыс төрағасы: Ж.Е. Жумакулов
Хатшы: Н.Б. Жаркынбаев


Күн тәртібінде:
1.Оқу жылының аяқталуы туралы
-емтихандардың өту барысы
-ағымдағы және аралық бақылау жұмыстары
- “Алтын белгі”, “Үздік аттестатқа” үміткерлер
2. Жазғы уақытта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы
- “Үржарайым” лагері
- Мектеп жанындағы ойын алаңы
- “Жазғы мектеп”
- жазғы спорт алаңы
3. “Жаңа Қазақстан ” республикалық референдум
Тыңдалды:
1-ші мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы оқу ісінің меңгерушісі Тусупбекова Гульназ Толеугазыевнаның сөйлеген сөзі.
Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар! Қазақстан Республикасының 2021-2022 оқу жылын аяқтау бүйрығымен таныстырып өтейін. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы – 2022 жылғы 25 мамыр;
2) 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2022 жылғы 28 мамыр – 6 маусым аралығы;
3) 11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2022 жылғы 27 мамыр – 10 маусым аралығы.
2. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2022 жылғы 28 мамыр;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 31 мамыр;
3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2022 жылғы 3 маусым;
4) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 6 маусым;
11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2022 жылғы 27 мамыр;
2) қазақ/орыс/ұйғыр/тәжік/өзбектілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2022 жылғы 2 маусым;
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі және әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі және әдебиетіненжазбаша емтихан – 2022 жылғы 7 маусым;
5) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 10 маусым.
3. Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып, орта білім беру ұйымдары айқындаған мерзімде өткізіледі.
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары осы бұйрықтың,«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген)талаптарына сәйкес 2021-2022 оқу жылын аяқтауды қамтамасыз етсін.
5. Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8,
10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап
17 маусым аралығында Жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін, республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 (10), 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларын 2022 жылғы 21 мамырға дейін жеткізуді;
2- ші мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы тәрбие ісінің орынбасары Жаркынбаев Нуржан Бейсенбековичтің сөйлеген сөзі.
“Үржарайым” лагеріне тегін жемалатын оқушыларға мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген қаулыны негізге алынады.
«Үржарайым» демалыс лагерьіне төмендегі санатқа жататын отбасы балалары бара алады.
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
Мемлекеттік қызмет көрсету порталына жолдама алу үшін қажетті құжаттар беріледі.
•19 оқушы. 4-ақылы, 15-ақысыз
•1. Туу туралы куәлік
•2. Ата- ананың удостоверениесі
•3. Тұрмыстық АКТ
•4. 071 форма мед анықтама
•5. НЕКЕ қию немесе бұзу куәлігі
Мектеп жанындағы ойын алаңының ұйымдастырылуы.
Құрметті ата аналар биыл мектепте «Мектеп жанындағы ойын алаңы» ұйымдастырылады. Оған 1-4 сынып оқушылары тегіс қамтылады. Оқушылардың қызығушылығына қарай ұйымдастырылады. Мектеп жанынбағы ойын алаңы Республикалық «Балалардың игілігі үшін» акция және «Балалар жылы» негізінде өтеді.
Мектеп жанындағы ойын алаңы 1 маусымнан-20 саусымға дейін сөзылады. Барлығы -14 күн. Оған Тәлімгерғ психолог, әлеуметтік педагог, музыка пәнінің мұғалімі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, кітапханашы, мтәрбиешілер тартылған. Балалардың қызығушылығын арттыратын әр түрлі тәсілдер қолданылады.
Жазғы мектепте оқыту:
–1-8,10 сыныптағы білім алушыларға;
– 9-сынып бітірушілерінің қалауы бойынша.
Жазғы мектептегі сабақтар қашықтан білім алған білім алушылар үшін ерекше маңызды.
Жазғы мектеп жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді (күрделі тақырыптарды)игеруге көмектесу маңызды.
Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі.
Оқу жұмыс жоспарын педагогтер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасайды («Оқу пәндері бойынша ұсынылған тақырыптар» қосымшасы).
7.Жазғы мектептердің топтары/сыныптары оқу жылы ішінде педагогтер анықтаған білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижелері негізінде қалыптастырылады.
8. Кесте құрылған топтарды / сыныптарды ескере отырып жасалады.
9. Жұмыстың нысандары мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.
10. Орта білім беру ұйымы ауысымдар бойынша білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке консультацияларды дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылады.
11. Жазғы мектеп білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.
12. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
13. Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
14. Сабаққа дайындық кезінде педагогоқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек.
15. Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.
16. Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдау, оларды дәлелдеу, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға бағытталуы тиіс.
17. Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі нашар білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсету ұсынылады. Қажет болған жағдайда жеке сараланған тапсырмалар әзірлеу керек.
18. Сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін (жобалар әдісі, пікірталас, ойын, іздеу әдістері) қолдануға, таза ауада сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған жағдаяттық міндеттерді пайдалану ұсынылады.
19. Сабақ өткізу кезінде педагог:
– балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аударуы және оқуға қолдау көрсетуі;
– сабақта білім алушылардың шамадан тыс жүктемесіне жол бермеуі;
–қажет болған жағдайда, физикалық жаттығулар жасау.
20. Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.
21.Топтардағы/ сыныптардағытолымдылық – 25 адамнан аспауы тиіс. Топтармен сабақтар өткізуге рұқсат етіледі.
22. Оқу пәндері бойынша сабақтың ұзақтығы – 40 минут, күніне 3-4 сабақ.
23. Оқу процесін жүзеге асыру үшін волонтерстуденттерді тартуға рұқсат етіледі.
24. Негізгі пәндер бойынша сабақтар оқу жылының ең маңызды тақырыптарын қамтиды.
25. Кестеге балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқуды қосу ұсынылады. Кітаптарды топтық талқылау, түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
26. Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлері: волейбол, футбол, баскетбол және т.б. бойынша сабақтар ұйымдастырады.
27. Педагог-психологтер психологиялық тренингтер ұйымдастырады, сынып жетекшілері, тәрбиешілер түрлі дамытушы тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.
28. Сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық, тиімді, функционалды идеяларды жүзеге асыру үшін балаларды (міндетті түрде бір сыныптан емес, жалпы қызығушылықтарына қарай) жобалық жұмысқа тарту ұсынылады.
29. Күннің соңында қызығушылықтар бойынша ойындар, фильмдерді бірлесіп қарау, жобаларды талқылау және т.б. өткізіледі.

3- ші мәселе бойынша жарыс сөзге шығушы мектеп директоры Жумакулов Жайык Елеукановичтің сөйлеген сөзі.
Сәлеметсіздер ме құрметті ата- аналар, ұстаздар. Сіздер білесіздер елімізді әлеуметтік, экономикалық және саяси үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ол үшін де еліміздің Ата Заңы Конституцияға өзгерістер керек екендігін заман талабы көрсетті. Сондықтанда алдымызда болатын республикалық референдум «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар» енгізеді. Сіздерді 5 маусым 2022 жылы болатын Референдумға ат салысуға шақырамын.
Енді Конституцияға қандай өзгерістер мен толықтырулар болатынына тоқтала кетсем.
1. Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу;
2. Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;
3. Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру;
4. Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;
5. Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.
- Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс деп көрсетіледі.
- Осы логикаға сәйкес Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелеріне де осындай тыйым салынады
- Соның нәтижесінде саяси бәсеке артып, барлық саяси партияны дамытуға бірдей жағдай қалыптасады
- Конституцияның 91-бабынан Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы деген мәртебесі туралы норма алынып тасталады
- Президенттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жоятыны не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұратыны туралы құзыретін жою көзделген (Конс¬титуцияның 44-бабы 3) тармақ¬шасының жаңа редакциясы).
- Сондай-ақ Президенттің аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату туралы құзыретін алып тастау көзделген (Конституцияның 87-бабы 4-тар¬мағының жаңа редакциясы).
- Сенаттағы Президент квота¬сы¬ның саны 15-тен 10 депутатқа дейін азаяды. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассам¬блея¬сы ұсынады
- Сенаттың өкілеттігі бірқатар құқық¬тармен толығады. Атап айтқан¬да, Сенат Президент енгізетін Конститу¬ция¬лық Соттың және Жоғары Сот Кеңесі¬нің төрағалары лауазымына канди¬дат¬тарды келісу құқығына ие болады
- Республикалық бюджеттің атқары¬луын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып өзгере¬ді. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп береді
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге иммунитет береді. Ол азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау кезінде қандай да бір өзге мем¬лекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелді болмайды, ешкімге есеп бермейді. Ол өз жұмысында Конституциялық Сот¬қа жүгіне алады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі мен қызметін ұйымдастыру Конституциялық заң арқылы айқындалады.
Құрметті ата – аналар! 2022 жыл 5 маусым күні болатын республикалық референдумға қатысуға шақырамын.
ШЕШІМ:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2022 жыл 20 сәуірдегі№ 159 бүйрығына, ШҚО білім басқармасының 2022 жыл №230 бүйрығы, Үржар аудандық білім бөлімінің 2022 жыл 16 мамырдағы №46 бүйрығын негізге ала отырып 2021-2022 оқу жылын аяқталсын.
2.Жазғы уақытта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы ойын алаңдары жоспарлы түрде жүргізілсін.
3.Қазақстан Республикасы Конституциясына енгілілетін өзгерістер мен толықтырулар референдумы туралы түсіндіру жұмыстары жандандырылсын



Мектеп директоры: Ж.Е. Жумакулов
Камқоршылық кеңес төрайымы: Ә.Н. Найманкулова
Хатшы: Н.Б. Жаркынбаев