Дублер күні » Абай облысы білім басқармасы Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2023

Дублер күні

ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТУГЕ КЕЛГЕН БІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР МЕКТЕПТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІН БІР КҮНГЕ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТТІ


«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» МҮШЕЛЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ДУБЛЕР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ


Абай облыстық басқармасы Үржар аудандық білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі” КММ-де  2023 жылғы 5 қазан күні өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» білім алушылардың өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды.

      "Мектеп Парламенті" мүшелері мектебіміздегі барлық сыныптардың топбасшыларымен бірлесе жоспар құра отырып, ұстаздар қауымының көңіл-күйлерін көтеріп, жүректерін нұрға толтырды. Парламент мүшелері таңертең мектеп оқушыларын қарсы алып, Қазақстан Республикасының Əнұранын орындап, ұстаздарды қарсы алып, мектеп əкімшілігінің, ұстаздардың атқаратын жұмыстарын өздері жасады. 

      "Мектеп Парламенті" президенті  Бекмұрат Сабина Айбекқызы өз көмекшілерімен бірге мектебіміздің директоры Жумакулов Жайк Елеукановичтіңбастамасымен, директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары  Жаркынбаев Нуржан Бейсенбекович және мектеп тәлімгері Ибраева Айгерим Саматовнаның жетекшілігімен ұстаздардың бір күнін шаттыққа толы ету үшін жұмыс жасады.

Жас жеткіншектердің шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін, коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында атқарылған жұмыстар өзінің оң нəтижесін берді.

   "Мектеп Парламенті" президенті Бекмұрат Сабинаға,  парламент мүшелеріне ұстаздарына тамаша көңіл-күй сыйлай білгендігі үшін шексіз алғыс айтамыз! Жақсылыққа толы жақсы күндерің көп болсын, əлемді өзгертуге келген біздің білімді шəкірттер!


#РУМЦДОМОНРК

#өзінөзібасқару

#школьноесамоуправление

#ядебатер  

#дебатлидері

#ұшқыройалаңы 

#оқуғақұштармектеп

#мектеппарламенті_2023

#тәрбиеқұндылықбөлімі

#қосымшабілімберуорталығы

#құқықбұзушылыққақарсымын

@rumcdo_official