Мектеп асханасындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет










Мектеп асханасындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-де мектеп асханасының жұмысы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай ұйымдастырылған.
1. Санитарлық талаптардың сақталуы:
– Асхана бөлмелері күнделікті тазартылып, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі;
– Тамақ дайындау барысында қол жуғыштар, арнайы киімдер, бас киімдер қолданылады;
– Өнімдердің сапасы мен сақтау мерзімі үнемі тексеріліп отырады;
– Ас мәзірі тағамтану нормаларына және балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалған;
– Санитарлық бақылау медбике мен жауапты комиссия тарапынан жүргізіледі.
2. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы:
– Әлеуметтік осал топтарға жататын оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген;
– Қамтылған балалар саны нақты тізім арқылы есепке алынады;
– Тамақтану уақыты мен тізімі мектептің күн тәртібімен үйлестірілген;
– Ата-аналар комитеті мүшелері асхана сапасын тұрақты бақылауда ұстайды.
Қорытынды:
Мектеп асханасында санитарлық-гигиеналық талаптар толық сақталады. Оқушылар сапалы және қауіпсіз тағаммен қамтамасыз етіліп отыр.
Әлеуметтік педагог: К.С.Кунанбаев