Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін меңгертумен қолдану жұмыстары туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін меңгертумен қолдану жұмыстары туралы мәлімет
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ-де оқушыларға
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін меңгерту және оларды дұрыс қолдануға баулу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мақсаты – оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімін кеңейту,
оларға деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық сана-сезімді дамыту.
Іс-шаралар:
- Апта сайынғы сап түзуде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады;
- Барлық сыныптарда «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіледі;
- Көрмелер, викториналар, мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылды;
- ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы ақпараттық стендтер жаңартылып, көрнекіліктер ілінді.
Рәміздерді қолдану тәртібі ҚР Конституциясы мен «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңға сәйкес жүргізіледі.
Мектеп ішінде Ту, Елтаңба және Әнұранға арналған бұрыштар талапқа сай жабдықталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, оқушылардың елге, жерге деген құрметін тереңдетуге ықпал етеді.
Мектеп тәлімгері: А.С.Ибраева



